Меню
Страницы

Ұлы Жеңіс күнінің қарсаңында

Ұлы Жеңіс күнінің қарсаңында
9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күнінің қарсаңында Ұлытау облысында бірқатар әлеуметтік қолдау шарасы жүзеге асырылады.
 
Атап айтқанда, тыл еңбеккерлеріне 200 000 (екі жүз мың) теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем беріледі.
 
Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектерінің жұбайларына 100 000 теңге мөлшерінде төлем қарастырылған.
 
Бұдан бөлек, концлагерьлердің, геттолардың және өзге де мәжбүрлі ұстау орындарының тұтқындарына да 200 000 (екі жүз мың) теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.
 
Төлемдер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылып, азаматтардың есепшоттарына 25 сәуір мен 7 мамыр аралығында аударылады.
 
Қазіргі таңда облыс бойынша 317 тыл еңбеккері, 19 Ұлы Отан соғысында қайтыс болған қатысушылардың (мүгедектердің) жұбайлары және 2 концлагерь тұтқыны тұрады.
Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты