Ұлытау облысы әкімдігінің «Ұлытау ауданының ветеринария басқармасы» ММ «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» ТБН № 4 жобаларын іске асыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылауды өткізуді жоспарлап отыр.
«Ұлытау облысының ветеринария басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау екі бағыт бойынша жүргізілді:
1)«Ұлытау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
2) «Ұлытау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Осыған байланысты барлық мүдделі тұлғаларды 18.03.2025 күні сағат 11:00-де осы талқылауға қатысуын сұраймыз. Мекен-жайы: Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Омаров көшесі 7.
Қоғамдық талқылауға қатысқысы келетіндер сенім телефонына: 8 701 426 32 41 хабарласа алады.