
Сақау (Adenitis equorum, мыт) - жіті өтетін, мал денесінің ыстығы
көтеріліп, танау мен жұтқыншақтың кілегейлі қабығы іріңді-катарлы қабынып жэне жақ асты сөл түйіндері абсцессаға айналуымен ерекшеленетін жылқының жұқпалы ауруы.
Індеттік ерекшеліктері. Табиғи жағдайда сақаумен, әлбетте, көбінесе 5 жасқа дейінгі жас мапдар ауырады, aл сақа малдар сирек шалдығады, малдың
күтімі нашарлағанда сақау зілді өтеді.
Індет ошағында ауырған малды бірден бөліп, жылы құрғақ қораға қояды немесе желсіз ықта ұстайды. Күтімін жақсартып, құнарлы жұмсақ жемшөп береді. Жұтынғанда ауырсынатын болса, быламық қойыртпақ жасап, суды жылытып береді. Ауырған құлынның енесін саумай, түгелдей емізеді.
Иммунитет. Сақаумен ауырып жазылған жылқыларда қуатты, ұзаққа созылатын өмірлік иммунитет қалыптасады. Егер шаруашылыққа алыстан
жылқы әкелінбесе, малдың күйі жоғары, күтімі жақсы болса 5 жастан асқан жылқылар сақаумен қайталап ауырмайды. Табиғи жағдайда қоздырушысы
мал денесінде сақталып, жылма жыл иммунитет дәрежесін көтеріп отырады. Шаруашылыққа антигендік қасиеті өзгеше қоздырушысының басқадай варианты малмен әкелінсе, жылқының күйі төмен болған жағдайда сақау қайтадан тарап, ұзаққа созылады және де жануарлар жасына қарамай түгел ауырады. Бүгінгі таңда сақауға қарсы вакцина бар. Құлындарға 4айдан бастап егуге болады.