«Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 37-бабына сәйкес «Ұлытау облысының қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін» әзірлеуде. Жобаның орындаушысы: «Ренессанс Плюс» ЖШС.
Қоршаған орта сапасының нысаналы индикаторларын әзірлеу қағидаларының 3-тарауының 4-тармағына (Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 19 шiлдедегі № 257 бұйрығы), жергілікті атқарушы органдардан, орталық мемлекеттік органдардан немесе олардың аумақтық бөлімшелерінен және жұртшылықтан келіп түскен ескертулерді, ұсыныстар мен ақпаратты талдап және есепке алу жұмыстары жүргізілді. Аталған ескертулер мен ұсыныстар қабылданып, бағдарламаға өзгерістер енгізілді.
Жұмыстардың түпкілікті бағдарламасымен мына жерден танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-upr/documents/details/736813?lang=kk