«Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ ҚР ЭК 37-бабына сәйкес «Ұлытау облысының қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін» әзірлеуде. Жобаның орындаушысы «Ренессанс плюс» ЖШС болып табылады.
Жұмыс бағдарламасымен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-upr/documents/details/720981?lang=ru.
Қызығушылық танытқан белсенділердің ескертулері мен ұсыныстары жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: renessans_plyus@bk.ru немесе Жезқазған қаласы, Желтоқсан көшесі, 25 Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы.