
Ұлытау облысында сенбілік өтті
2026 жылғы 28 наурызда Ұлытау облысында жалпы сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – қаланың экологиялық жағдайын жақсарту және тазалық мәдениетін арттыру.
Сенбілікке «Ұлытау облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қатысып, қала тазалығына өз үлестерін қосты.