
Құрметті арулар!
«Ұлытау облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің атынан сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық 8 наурыз күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ ғұмыр тілейміз. Отбасыларыңызға амандық, береке мен бірлік, шаңырақтарыңызға шаттық пен қуаныш тілейміз. Әрқашан жүздеріңізден күлкі кетпей, көңілдеріңіз көктемдей құлпырып, өмір жолдарыңыз жарқын да бақытты болсын.
Еңбектеріңіз әрдайым жемісті болып, қызметтеріңізде табыс пен жетістікке жете беріңіздер. Алға қойған мақсат-мұраттарыңыз орындалып, абыройларыңыз арта берсін. Сіздерге әрдайым құрмет пен сыйластық, жүректеріңізге жылулық пен шаттық серік болсын.
Өмірлеріңіз қуанышқа, шаттыққа және жарқын сәттерге толы болып, жақындарыңыздың қуанышы мен мақтанышы болып жүре беріңіздер!
Ізгі тілекпен,
Жұмылдыру басқармасының жігіттері.