"Ауыл аманаты" бағдарламасы

"Ауыл аманаты" бағдарламасы

Ауыл халқының табысын арттыру жобасының мақсаты:

Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру Қағидаларына сәйкес микрокредиттер мынадай тұлғаларға беріледі::

1) жұмыссыздар;

2) Кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толмаған қысқартылатын жұмыскерлер;

3) дара кәсіпкер ретінде тіркеусіз кіріс алу мақсатында тауарларды өндіру (өткізу), жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын және (немесе) әрекетсіз дара кәсіпкерлер;

4) отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті дербес жүзеге асыратын;

5) күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар сату (айырбастау) үшін жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндіру жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын;

6) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен өндірістік кооперативтердің мүшелері;

7) ісін жаңа бастаған және/немесе жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлер.

Микрокредиттер үміткерлерге мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз ету, нысаналы пайдалану қағидаттарын сақтай отырып мынадай шарттарда беріледі:

1) микрокредит мерзімі – 5 (бес) жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі-7 (жеті) жылға дейін;

2) микрокредиттің ең жоғары сомасы:

- ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда 2,5 немесе 8625,0 мың теңгеге дейін (екі жарым) мың айлық есептік көрсеткіш;

- ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін 8,0 немесе 27 600,0 мың теңгеге дейін (сегіз) мың айлық есептік көрсеткіш;

Бұрын алынған микрокредит бойынша міндеттемелерді толық орындаған үміткерлерді қайта кредиттеу кезінде микрокредиттің ең жоғары сомасының мөлшері 8,0 (сегіз) мың айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғаяды. Бұл ретте, микрокредиттер бағдарлама үміткерлерінің қайтарылған қаражаты есебінен, бірақ бұрын алынған микрокредит бойынша мерзімнің 1/2 (екінші бірінен) ерте емес беріледі;

3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 2,5 (екі жарым) пайыздан аспайды;

4) кепілмен қамтамасыз етудің болуы;

5) негізгі борыш пен сыйақыны өтеу жөніндегі жеңілдікті кезең микрокредиттеу мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайтын мерзімін құрайды;

6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркеудің болуы.

Сыйақының номиналды мөлшерлемесі жылдық 2,5 (екі жарым) пайыздан аспайды.