Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы қызметтің әр саласына еңбегі сіңген ардагер аналар мен облыстың дамуына үлес қосып келе жатқан қыз-келіншектерді арнайы қабылдап, Халықаралық мерекемен құттықтады.
8 Наурыз – әйелдер күнінің құрметіне орай ұйымдастырылған іс-шарада өңір басшысы аяулы жандарға ақжарма тілегін жолдап, шоқ гүлі мен 150 000 теңгелік сертификатты табыс етті.