АУЫЛ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

АУЫЛ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

Мибұлақ ауылдық  округі 1982 жылы құрылған, Ұлытау ауданының ауданының  шалғайда орналасқан округі болып табылады, ол аудан орталығынан 270 км, облыс орталығынан 125 км жерде орналасқан, кенттік округтің жалпы жер көлем 1 493 848га, халқының саны 583 адамды, халықтың экономикалық белсенді бөлігі 223 адамды құрайды. Округте 2023 жылы 611 адам тіркелсе, 2024 жылы 583 адам тұрады, яғни миграцияның -19 теріс сальдо тіркелген.

Мибұлақ ауылдық округінің құрамына  Мибұлақ ауылы мен «Ақкеңсе» елді мекендері кіреді. Ауыл экономикасының негізгі бағыты ауыл шаруашылығы болып табылады.

 1 денсаулық сақтау, 1 мәдениет үйі халыққа қызмет көрсетеді.                    

Ауылдық округте «SilkNetCom» талшықты-кабельдік байланыс,    «Beeline», «Aktiv», «Tele2»,  ұялы байланыс жүйесі жұмыс істейді.

2024 жылға жоспарланған жұмыстар:

  1. Мибұлақ ауылындағы Байсалбай көшесі бойындағы бос алаңға саябақ қоршауын салуын қаржыландыру мәселесін қарастыру;
  2. Елді мекенге жаңадан келетін отбасыларды қоныстандыру үшін иесіз қалған, бос тұрған үйлерді коммуналдық меншікке алу, оларға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражаттар бөлу мәселесін қарастыру;
  3. Су жинайтын құбырды ауыстыру;
  4. Сарсенбин және Саркеев атындағы көшелерді жарықтандыру;
  5. Ауыл ішінің көтерме жолдарын асфальттау;
  6. Ауылдағы клуб үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.