
2026 жылғы 27–28 маусым күндері Болгария Республикасында киокушинкай-кан каратэден ашық Еуропа чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға әлемнің 40 елінен 300-ден астам спортшы қатысты.
Аталған халықаралық жарыста Жезқазған қаласының жас спортшысы Еркін Зере жоғары нәтиже көрсетіп, 12–13 жас санатында 35 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алып, Еуропа чемпионы атанды.
Айта кетейік, Еркін Зере бұған дейін Қырғыз Республикасында өткен Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болған болатын.
Жас спортшымызды және оның жаттықтырушыларын жарқын жеңісімен құттықтап, алдағы халықаралық жарыстарда толағай табыстар тілейміз!