Ереванда өткен самбодан Әлем кубогында облыс спортшысы жүлдегер атанды

Ереванда өткен самбодан Әлем кубогында облыс спортшысы жүлдегер атанды

2026 жылғы 10–13 сәуір аралығында Армения Республикасының Ереван қаласында самбодан Әлем кубогы өтті. Байрақты бәсекеде облысымыздың намысын қорғаған спортшымыз Серік Шадияр жоғары шеберлік танытып, күміс жүлдеге ие болды.

Бұл — спортшымыздың табандылығы мен тынымсыз еңбегінің, сондай-ақ жаттықтырушылар құрамының жүйелі жұмысының нәтижесі.

Облысымыздың мерейін үстем еткен Серік Шадиярды және оның жаттықтырушыларын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!