
Тараз қаласында 23 жасқа дейінгі жастар арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Ұлытау облысының спортшысы, жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушісі Еламан Аманкелді 57 келі салмақ дәрежесінде еркін күрестен Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.
Спортшыны және оның жаттықтырушыларын жоғары жетістігімен құттықтаймыз!