Қаракесеков Нұртілек 🏆алтын жүлдені жеңіп алып, Азия чемпионы атанды

Қаракесеков Нұртілек 🏆алтын жүлдені жеңіп алып, Азия чемпионы атанды

2025 жылдың 27-30 қазан аралығында Түркістан қаласында қазақ күресінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан Республикасының құрама команда сапында 60 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған, ұлт ұясы - Ұлытау облысының Жаңаарқа күрес мектебінің түлегі,  ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ СПОРТ ШЕБЕРЛІГІ МЕКТЕБІНІҢ палуаны Қаракесеков Нұртілек (Бапкерлері: Тынысбаев Сұлтан, Қаракесеков Ерболат, Барменов Асыл) спортшымыз🥇🏆алтын жүлдені жеңіп алып, Азия чемпионы атанды. Айта кету керек аталған чемпионатта Азия құрлығының Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Үндістан, Жапония, Иран, Моңғолия, Пәкістан сында 15-ке жуық елден келген 200-ге жуық палуан боз кілемде бақтарын сынап жатыр. Жеңіс құтты болсын қазақ елі! Жеңісті күндеріміз көп болсын! Қазақ спорты жасасын!