Индонезияда өткен самбодан әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар жүлделі орындарға ие болды

Индонезияда өткен самбодан әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар жүлделі орындарға ие болды

Индонезияда өткен самбодан әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар жүлделі орындарға ие болды

Индонезия мемлекетінде спорттық және жауынгерлік самбодан жастар арасында өткен әлем чемпионатында қазақстандық балуандар жоғары нәтиже көрсетті.

98 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Алшымбек Абылайхан Талғатұлы қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Ал осы жарыста ел намысын қорғаған тағы бір отандасымыз — Макажанов Ислам үздік өнер көрсетіп, қола жүлдеге ие болды.

Жас спортшыларымызды жарқын жеңістерімен құттықтаймыз! 🇰🇿👏