2025 жылдың 2–4 маусымы аралығында Қостанай қаласында қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі жастар мен қыздар арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында облысымыздың спортшылары керемет өнер көрсетті.
56 келі салмақта Қазықан Алуа (бапкері – Архат Рахымжанұлы) 🥇 алтын жүлдені жеңіп алып, ел чемпионы атанды.
82 келі салмақта Талғат Жанбота (бапкері – Архат Рахымжанұлы) 🥉 қола жүлдеге ие болды.
92 келі салмақта Мақажанов Ислам (бапкері – Тынысбаев Сұлтан) 🥉 қола жүлдегер атанды.
Еліміз дами берсін! Қазақ спорты жасасын!