«Еңбек жолы» конкурсын өткізу туралы хабарландыру

«Еңбек жолы» конкурсын өткізу туралы хабарландыру

«Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын жүзеге асыру мақсатында «Еңбек жолы» конкурсын өткізу басталғанын жариялаймыз.

Конкурс 3 номинациядан тұрады:

1) «Үздік еңбек әулеті» - ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады;

2) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары сапалы жұмыс атқаратын тәлімгер таңдалады;

3) «Өндірістің үздік жас маманы» - жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмысшысы таңдалады;

 

 

Өтінімдерді  қабылдау 2025 жылғы 1 шілдеге дейін жүргізіледі.

 

Конкурс жөнінде толық ақпаратты (87102) 77-31-67, 87055823872.  (Ұлытау облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар   басқармасы), телефондары арқылы алуға болады.

Мекен-жайымыз: Жезқазған қаласы, Желтоқсан көшесі, 25 , 1-қабат,   10 кабинет, еңбек нарығын талдау ,көші-қон және әлеуметтік әріптестік   бөлімі, эл.пошта:sektor_zan@mail.ru