ПРЕСС РЕЛИЗ

ПРЕСС РЕЛИЗ

2025 жылдың 03 сәуірде Ұлытау облысы әкімі Д.А.Рыспековтың  төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның жоспарлы отырысы өтті.

Комиссия отырысына әлеуметтік әріптестік тараптарының өкілдері мен шақырылғандар қатысты.

Отырыста 2025 жылға арналған Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссия отырыстарының жоспарын бекіту туралы; «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС еңбек ұжымындағы ағымдағы жағдай туралы; еңбек қатынастары саласындағы ағымдағы ахуал және облыс кәсіпорындарында жалақыны уақтылы төлеуді, әлеуметтік және зейнетақы аударымдарын төлеуді қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар туралы мәселелер қаралды.

Барлық мәселелер қаралып, тапсырмалар берілді.