« Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы » мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 31 шілдедегі «Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» № 301/НҚ бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі №4 Үлгілік базалық бағытының (№4 ҮББ) жобаларын іске асырылуын үйлестіру мақсатында 2025 жылдың 1 сәуірінде сағат 11:00-де Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылауды өткізетінін хабарлайды.
Қоғамдық талқылауға қатысқысы келетіндер келесі телефон номері арқылы хабарласа алады: 87083403631.
Өткізілу орны: Жезқазған қаласы, Желтоқсан көшесі 25, 1-қабат, 15-кабинет.