Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның жоспарлы отырысы

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның жоспарлы отырысы

2024 жылдың 03 сәуірінде Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұ.Т.Үсеновтың  төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның жоспарлы отырысы өтті.

Комиссия отырысына әлеуметтік әріптестік тараптарының өкілдері мен шақырылғандар қатысты.

Отырыста Жезқазған, Сәтбаев қалалары бойынша әкімдіктер, кәсіподақтар бірлестіктері және жұмыс берушілер арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған Келісімде қабылданған міндеттемелердің орындалу барысы туралы; «ULY DALA» ЖШС-нің ағымдағы жағдайы туралы мәселелер қаралды.

Барлық мәселелер қаралып, қалалар мен аудандар әкімдіктеріне тапсырмалар берілді.