"Бос орындар жәрмеңкесі" бойынша ақпарат

"Бос орындар жәрмеңкесі" бойынша ақпарат

2023 жылдың 26 қыркүйегінде «Еңбек күніне» орай облыстық деңгейде «Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарамасы» ММ мен «Еңбек мобильдігі орталығы» КММ-нің ұйымдастырумен жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында «Бос орындар жәрмеңкесі» өткізілді.

Ұлытау облысы бойынша «Бос орындар жәрмеңкесіне» 107 мекеме, 491 бос жұмыс орындары ұсынылды. 395 жұмыссыз азамат қатысып, оның ішінде 83 азаматқа тұрақты жұмысқа және 17 адам белсенді іс-шараларға қатысуға жолдама алды. Қысқа мерзімді курсқа 5 адамға жолдама берілді. Бастау Бизнес оқуына 4 адам тіркелді.

Жезқазған қаласы бойынша шараға 29 мекеме, 161-ге жуық бос жұмыс орындары ұсынылды. 42-ге жуық жұмыссыз азаматтар және 115-ке жуық белсенді іс-шараларға қатысушы азаматтар мен жастар қатысып, өздеріне керек ақпаратты алды. Оның ішінде, 9 адам тұрақты жұмысқа жолдама алып, 18 адам жұмыс берушілерге келіссөздерге жіберілді. Қысқа мерзімді курстарға 3 адам жолдама алды.

Сатпаев қаласы бойынша 23 жұмыс беруші, 123 бос жұмыс орындары ұсынылды. 90 жұмыссыз азамат қатысып, оның ішінде 14 азаматқа тұрақты жұмысқа және 3 адам белсенді іс-шараларға қатысуға жолдама берілді. 4 адам квота бойынша жолдама алды, оның ішінде: 2 адам Сәтбаев қаласының сумен жылумен қамту мекемесіне, 2 адам «Сәт тазалық» ЖШС-не. Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышында Бастау Бизнес оқуына 4 адам тіркелді.

Ұлытау ауданы бойынша 9 жұмыс беруші, 58 бос жұмыс орындары ұсынылды. 15 жұмыссыз азамат қатысып, оның ішінде 4 азаматқа тұрақты жұмысқа және 4 адам белсенді іс-шараларға қатысуға жолдама алды. Қысқа мерзімді курсқа 1 адам жолдама алды.

Қаражал қаласы бойынша 15 жұмыс беруші, 92 бос жұмыс орындары ұсынылды. 73 жұмыссыз азамат қатысып, оның ішінде 28 азаматқа тұрақты жұмысқа және 9 адам белсенді іс-шараларға қатысуға жолдама алды. Қысқа мерзімді курсқа 1 адам жолдама алды.

Жанаарқа ауданы бойынша 31 жұмыс беруші, оның ішінде аудан басынан 22, ауылдық округтерден 9 жұмыс беруші қатысып, 57 бос жұмыс орны ұсынылды. 60 жұмыссыз азамат қатысып, оның ішінде 28 азаматқа тұрақты жұмысқа және 1 адам белсенді іс-шараларға қатысуға жолдама алды.