
Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы» № 274 бұйрығына сәйкес 2026 жылға Ұлытау облысына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота алу бойынша өтінімдер қабылдайтынын хабарлайды.
Жұмыс берушілер жыл сайын 1 қазанға дейін шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы көзделетін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына Қағиданың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінімдерін ұсынады.
Осыған байланысты Сізден электрондық пошта мекенжайына қосымшасы бар ілеспе хаттардың электрондық нұсқаларын жіберуіңізді сұраймыз – sektor_zan@mail.ru
Сонымен қатар, Сіздерден Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Желтоқсан көшесі, 25 мекенжайы бойынша Басқармаға қосымшасы бар ілеспе хаттардың түпнұсқаларын ұсынуды сұраймыз.