Жақсылық – жүректен басталады!

Жақсылық – жүректен басталады!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ұлытау облысына жасаған жұмыс сапары аясында Сәтбаев қаласында өткен қайырымдылық шарасына қатысты.

Балмағамет Балқыбайұлы атындағы мешіттің жанындағы оқу орталығында ұйымдастырылған бұл шара – нағыз мейірім мен қолдаудың көрінісі еді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы құрал-жабдықтарға сатып алуға берілген ақшалай сертификаттар – олардың өміріне жаңа үміт пен мүмкіндіктер сыйлады. Т. Әділов мүгедектер арбасын, ал А. Аманқұлов пен А. Далабай есту аппараттарын алуға сертификаттарға ие болды.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өз сөзінде қайырымдылықтың – Ислам дінінің ең асыл құндылықтарының бірі екенін ерекше атап өтіп, осындай игі бастамалардың қоғамдағы мейірімділік пен әлеуметтік жауапкершілікті арттыратынын сеніммен жеткізді.

Бұл – жүректен шыққан жақсылық, өзгелерге деген шексіз қамқорлықтың жарқын үлгісі. Әрқайсымыз осындай игі істерге үлес қосып, әлемімізді жақсарта аламыз!