Жолдардағы шұңқырларды жабу үшін облыс көлемінде алғаш рет жаңа технологиямен суық битумды асфальт төселеді.
Шұңқырларды жөндеуді қажет ететін 30 көшенің тізімі анықталды.
Ұлытау, Абай көшелері бұл тізімге кірмейді.
Қаланың басты жолдарының бірі Ұлытау көшесіне тек ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Себебі, биыл осы жол астынан өтетін жылу желілері ауысады. Ал, Абай көшесінің жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Суық асфальт - қиыршық тас пен тұтқыр битумның құрамы. Ол суық күйде шұңқырлар, жарылған жерлер, жарықшақтарды жөндеуге қолданылады.
Бұл материал арнайы кез келген климаттық аймақтарда және кез келген ауа температурасына, қыста -20 градусқа дейін, жазда да қолдануға болады. Ол ешқандай араластыруды, қыздыруды және арнайы құралдарды қажет етпейді.