Сәтбаев әкімдігінің үлкен залында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша Департаменті Әдеп жөніндегі кеңесінің басшысы Роман Кимнің мемлекеттік қызметшілермен кездесуі өтті.

Сәтбаев әкімдігінің үлкен залында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша Департаменті Әдеп жөніндегі кеңесінің басшысы Роман Кимнің мемлекеттік қызметшілермен кездесуі өтті.

Кездесуге ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ұлытау облысы бойынша басқарма бастығының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының басшысы Самат Үмбеталиев, Ұлытау облысы Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі, Сәтбаев қалалық мәслихатының төрағасы Қайрат Балмағамбетов және Ұлытау облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Жанагүл Еділбаева қатысты.
Роман Ким мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, кәсібилік пен жауапкершілікті арттыру, тәртіпті жақсарту, сондай-ақ қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту жөніндегі жұмыс туралы еске салды. Кездесуден кейін Р.Ким жеке қабылдау өткізді.