Сәтбаев қаласында «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында «Жасыл аймақ» апталығы басталды.

Сәтбаев қаласында «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында «Жасыл аймақ» апталығы басталды.

«Жасыл аймақ» апталығы аясында қаламыздың барлық білім беру мекемелерінде ата-аналар балаларымен, мемлекеттік қызметкерлер, мәслихат депутаттары 450 ағаш отырғызды.

«Жеңіс» саябағына 30 түп алма ағашы отырғызылды. Сонымен қатар, осы аумақта тазалау жұмыстары қоса жүргізілді.

Жалпы қала бойынша «Қазақмыс» корпарациясының қолдауымен 1500 түп ағаш егілді.