2023 жылдың қорытындысы бойынша "БЖЗҚ" АҚ-ның салымшыларды (алушыларды) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабардар ету жөніндегі жыл сайынғы науқаны

2023 жылдың қорытындысы бойынша "БЖЗҚ" АҚ-ның салымшыларды (алушыларды) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабардар ету  жөніндегі жыл сайынғы науқаны

БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) ашылған күннен бастап кез келген сұралған күнге өзінің зейнетақы жинақтарының жай - күйі туралы ақпарат алу - бұл міндетті зейнетақы жарналары салымшысының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның, зейнетақы төлемдерін алушының (бұдан әрі - салымшылар (алушылар)) заңмен бекітілген құқығы.

 

Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты кез-келген ыңғайлы уақытта БЖЗҚ интернет-ресурсындағы және (немесе) "электрондық үкімет" веб-порталындағы Жеке кабинет арқылы, сондай-ақ, БЖЗҚ-ға жеке жүгінген кезде алуға болады.

 

БЖЗҚ-да ЖЗШ, шартты зейнетақы шоттарын (ШЗШ) ашқан кезде БЖЗҚ жинақтардың жай-күйі, ШЗШ туралы ақпарат беру тәсілі "әдет бойынша" автоматты түрде "БЖЗҚ интернет-ресурсындағы және (немесе) "электрондық үкімет" веб-порталындағы Жеке кабинет арқылы" және (немесе) Қорға дербес өтініш жасаған кезде болып белгіленеді.

 

Барлық қолданыстағы ЖЗШ бойынша БЖЗҚ-ның жинақтардың жай-күйі, ШЗШ туралы ақпарат беру тәсілі "әдет бойынша" автоматты түрде "БЖЗҚ интернет-ресурсындағы және (немесе) "электрондық үкімет" веб-порталындағы Жеке кабинет арқылы" тәсілімен толықтырылды.

ШЗШ жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат берілген кезде ол сұраныс жасалған кезең ішінде қолданыста болған барлық шоттар бойынша беріледі.

 

ЖЗШ-сы БЖЗҚ-да 01.07.2023ж. дейін ашылған салымшылар (алушылар) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты өздерінің БЖЗҚ-мен арадағы жасалып, қол қойған келісімдерінде айқындалған тәсілдер мен кезеңділік ішінде алу құқығын сақтайды.

Бүгінгі күні өзектілігін жоғалтқан пошта байланысы және (немесе) электрондық пошта арқылы хабарлау тәсілдерінен бас тарту үшін (егер олар бар болса) БЖЗҚ кеңсесіне барудың қажеті жоқ. Бас тартуды БЖЗҚ сайтындағы немесе ұялы қосымшасындағы Жеке кабинетке кіру арқылы ресімдеуге болады.

Салымшыларды (алушыларды) пошта байланысы және электрондық пошта арқылы жыл сайын хабардар ету жөніндегі науқанды жүргізу жылына кем дегенде бір рет жүзеге асырылады.

Пошта байланысы арқылы хабарлау әдісін қалайтын адамдардың саны жыл сайын азаюда. Мысалы, 2023 жылдың қорытындысы бойынша олардың саны 2022 жылмен салыстырғанда 20,5% азайды.  Егер неғұрлым ұзақ кезеңді қарастыратын болсақ, онда 2014 жылдан бастап (барлық шоттар мен зейнетақы активтерін БЖЗҚ-ға біріктіру кезеңі) пошта байланысы қызметтері арқылы жіберілетін үзінді көшірмелердің саны 9 есе қысқарды.

 

Заңнаманың ережелеріне сәйкес салымшылар (алушылар) БЖЗҚ міндеттемелерінің орындалуына әсер ететін барлық өзгерістер (оның ішінде телефон нөмірі, электрондық мекенжайы және тұрғылықты мекенжайы (егер электрондық және почта байланысы арқылы хабарлау тәсілі таңдалған болса), банктік деректемелері) туралы БЖЗҚ-ға мұндай өзгерістер орын алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде хабарлауға міндетті екендігіне назар аударамыз. Хабарландыру мүмкіндігі БЖЗҚ интернет-ресурстарындағы Жеке кабинет арқылы да, БЖЗҚ кеңсесіне жүгіну арқылы да қолжетімді.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).