Ұлытау облысында «Наурызнама» онкүндігі аясында дөңгелек үстел өтті

Ұлытау облысында «Наурызнама» онкүндігі аясында  дөңгелек үстел өтті

Ұлытау облысында «Наурызнама» онкүндігі аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» халыққа Жолдауы мен Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» үшінші отырысында көтерілген бастамаларды талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.
Жиынға өңірдегі саяси партиялар филиалдарының жетекшілері, ақсақалдар, депутаттар мен қоғам белсенділері, сарапшылар қатысты.
Іс-шара барысында сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл агенттігі Ұлытау облысы бойынша департаментінің өкілдері сөз алып, дөңгелек үстел қатысушыларымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күрес шаралары жөнінде баяндады.