Жемқорлық–қоғам дерті

Жемқорлық–қоғам дерті

Қай мемлекеттің болсын басты жауы – сыбайлас жемқорлық. Әлеуметтік құбылыс ретінде жемқорлық әлі де болсын жаһанды жайлап келеді. Оның алдын-алу жолында барлық дерлік мемлекет өздерінің жемқорлықпен күрес жолдарын қайта қарап, жемқорлыққа қатысты жауапкершілікті күшейту жолында жаңа заң мен нормалар қабылдауда. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы ретінде алдымен мемлекеттік қызмет саласындағы бұзушылықтар саналады. Сондықтан, Қазақстанда «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» арнайы заң қабылданып, қолданысқа енгізілген. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы " КЕАҚ Ұлытау облысы бойынша филиалы сыбайлас жемқорлықтың туындауын болдырмау үшін Халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде арнайы ақпараттық теледидарларда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша бейнероликтер қойып, ай сайын бөлімдерде мониторинг жүргізіліп отыр. Жемқорлыққа жол жоқ.