Алғаш рет мемлекеттік қызметшілердің ата-аналары арнайы шақырылып, олардың қоғамға адал қызмет етіп жүрген ұрпақ тәрбиелеудегі еңбегі атап өтілді. Іс-шараға қала әкімі Мұрат Бөрібаев қатысып, ата-аналармен жүздесті.
Кездесу барысында шаһар басшысы мемлекеттік қызметтің маңыздылығына тоқталып, ел мүддесін бірінші орынға қоятын азаматтарды тәрбиелеудегі отбасының рөліне ерекше назар аударды. Сондай-ақ, ата-аналарға алғыс білдіріп, олардың берген тәлім-тәрбиесінің нәтижесінде бүгінгі білікті әрі жауапты мамандар қалыптасқанын жеткізді.
Айта кетейік, бұл бастама – мемлекеттік қызметтің беделін арттырумен қатар, отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған маңызды қадам.