
Сайлау комиссияларын кәсібилендіру – сайлауға деген қоғамдық сенімді арттырудың міндетті шарты. Сайлауды дайындау және өткізу сайлау құқығы саласындағы білімді, жауапкершілікті және сайлау процесінің барлық қатысушыларымен: сайлаушылармен, кандидаттармен, сенім білдірілген тұлғалармен, қоғамдық бірлестіктермен, байқаушылармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және басқа да құрылымдармен өзара іс-қимыл жасау дағдыларын талап етеді.
«Сайлау – әркімнің және баршаның ортақ ісі» тақырыбында Сәтбаев қаласының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Сәтбаев қалалық филиалында дөңгелек үстел форматында кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, Сәтбаев қаласының аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ комиссия мүшелерін оқыту әдістері талқыланды.
Аға буын өкілдері сайлау науқандарының белсенді қатысушылары болып табылады, қоғамдық қызметте мол тәжірибеге және берік азаматтық ұстанымға ие. Осыған байланысты ардагерлердің пікірі сайлау комиссияларының электоралдық құзыреттілігі мәселесінде ерекше маңызға ие.
Кездесу қатысушылары елдің саяси өміріндегі алдағы өзгерістер қоғамды одан әрі демократияландыруға және сайлау процестеріне деген сенімді нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.