
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін тең жағдайлар жасауға бағытталған инклюзивті саясат белсенді түрде дамып келеді. Сайлау процесінде – бұл барлық азаматтардың сайлауға қатысуына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Сәтбаев қаласында сайлау учаскелерін бейімдеу қалай жүргізіліп жатқаны, кедергісіз орта қалай дамытылып отырғаны, мүгедектігі бар сайлаушылармен жұмыс істеу үшін сайлау комиссиялары мүшелерін оқыту, әртүрлі санаттағы мүгедектігі бар адамдарға арналған жаңа техникалық мүмкіндіктерді ұсыну жобалары туралы Сәтбаев қаласының Аналар кеңесі мен Сәтбаев қаласының «Нур Максат» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің басшысы Ұлтуған Қауымбаевамен «дөңгелек үстел» барысында әңгіме қозғалды.
Іс-шараның модераторлары ретінде Сәтбаев қаласының аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Мбүгүлсім Есмурзаева және Сәтбаев қаласының Аналар кеңесінің төрайымы, №35 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Шолпан Адамьянова сөз сөйледі.