
Наргиз Бакшиева «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының қолдауымен 2 000 000 теңге көлемінде қаржылай қолдауға ие болды.
Грант қаражаты есебінен логопед кабинетті жабдықтау жұмыстары жүргізіліп, заманауи жиһаздар, массаж үстелі, сондай-ақ арнайы логопедиялық құрал-жабдықтар мен дамытушы ойындар сатып алынды.
Бүгінде кабинет өз қызметін толық көлемде жүзеге асырып келеді. Мұнда балалардың сөйлеу қабілетін түзетуге, тілдік дағдыларын дамытуға, зейінін, есте сақтау қабілетін және ұсақ моторикасын жетілдіруге бағытталған коррекциялық-дамыту сабақтары өткізіледі.
Логопед көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру балалардың әлеуметтік бейімделуіне және жан-жақты дамуына оң әсерін тигізеді.
✅ Жоба балаларға арналған коррекциялық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік берді.
✅ Арнайы жабдықталған кабинет тиімді әрі қауіпсіз орта қалыптастырды.
✅ Бұл - мемлекеттік гранттық қолдаудың нақты нәтижесі.
Осындай бастамалар әлеуметтік маңызы бар қызметтердің дамуына серпін беріп, балалардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.