Ұлытау облысындағы мемлекеттік қызметтер: 2025 жылдың қорытындысы

Ұлытау облысындағы мемлекеттік қызметтер: 2025 жылдың қорытындысы

2025 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ұлытау облысы бойынша филиалы өңір халқы мен бизнеске мемлекеттік қызметтерді тұрақты әрі сапалы көрсетуді қамтамасыз етті. Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚО-лардың жұмысы қызметтердің қолжетімділігін арттыруға, цифрлық шешімдерді дамытуға және клиенттік тәжірибені жақсартуға бағытталды.

Жыл қорытындысы бойынша Ұлытау облысында 144 108 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 30 305 қызмет мамандандырылған секторлар арқылы ұсынылды. 2024 жылмен салыстырғанда көрсетілген қызметтер саны 26 312-ге азайып, бұл 18,26 %-ды құрады. Бұл азаматтардың мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу үлесінің артқанын көрсетеді.

Өңір тұрғындары арасында ең сұранысқа ие болған қызметтер жеке басты куәландыру, көлік құралдарын тіркеу және цифрлық сервистермен байланысты болды:

  • паспорттар мен жеке куәліктер беру - 30 119 қызмет;
  • көлік құралдарын тіркеу және есептен шығару - 25 211 қызмет;
  • жүргізуші куәліктерін беру - 4 223 қызмет;
  • электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) рәсімдеу - 12 469 қызмет.

Аталған қызметтерге жоғары сұраныс Ұлытау облысы халқының белсенді өмір сүруін, сондай-ақ заманауи, ыңғайлы және жедел мемлекеттік сервистерге деген қажеттіліктің артып келе жатқанын көрсетеді.

2025 жылы процестерді цифрландыруға, қызмет көрсету мерзімдерін қысқартуға және қағаз құжат айналымын азайтуға ерекше көңіл бөлінді. Бұл шаралар қызмет көрсету тиімділігін арттырып, азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді.

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ұлытау облысы бойынша филиалы алдағы уақытта да электрондық қызметтерді одан әрі дамытуға, қызметалушыға бағдарланған тәсілдерді енгізуге және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жұмысты жалғастырады.