«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ұлытау облысы бойынша филиалында «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесін пайдалану барысында туындайтын өзекті мәселелер қаралып, олардың шешу жолдары талқыланды.
Кездесу барысында ақпараттық жүйемен жұмыс істеу кезінде орын алатын заңдылықтардың бұзылуын болдырмау және жүйені тиімді пайдалану мақсатында бірқатар ұсыныстар мен шаралар қабылданды. Атап айтқанда, құқықтық нормаларды терең зерделеу, сондай-ақ заң бұзушылықтарды жою және оның алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылдау қажеттілігі атап өтілді.
Жиын қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға нормативтік құқықтық актілер нормаларын қатаң сақтау және жүйені тиімді қолдану бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.
#зип #законипорядок #заңментәртіп