Құрметті _______________________!
"БЖЗҚ" АҚ Сізді "Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз: алаяқтардың құрбаны болмау жолдары" тақырыбында өткізілетін "Ашық есік күні" онлайн-кездесуіне шақырады. Іс-шара 2025 жылдың 11 маусымы күні (уақытын филиал жазады) өтеді.
Кездесудің мақсаты – халықтың зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету шаралары, алаяқтық схемалардан қорғану тәсілдері, сондай-ақ ақпаратты "БЖЗҚ" АҚ-дан тікелей алудың маңыздылығы туралы білім деңгейін арттыру.
Іс-шара барысында оның қатысушыларына ақпаратты тек ресми көздерден және тікелей Қордан алудың неліктен маңызды екендігі, қызмет көрсету бойынша заңды ұсыныстарды алаяқтық схемалардан қалай ажыратуға болатындығы, ақылы кеңес беру қызметтерін ұсынатын бөгде адамдардан қандай қауіптер туындауы мүмкін екендігі туралы түсініктемелер беріледі.
Сондай-ақ, БЖЗҚ қызметкерлері кездесуге қатысушыларды Қордан берілетін зейнетақы төлемдерін алу тәртібі, оларды ресімдеу шарттары мен тәсілдері, enpf.kz сайтындағы төлемдерді ресімдеу тәртібі туралы ақпаратты қалай табуға болатындығы туралы хабардар етеді.
Бұған қоса, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері сұрақтарға жауап беріп, іс-шараға келушілерге жеке кеңес береді.
Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет.
Көрсетілген уақытта сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз (сілтемені әр филиал бөлек жазады).
Event-кеңестің нөмірі: (филиал өзі жазады).
Event-кеңестің паролі: (филиал өзі жазады).