QAZAQ AIR Түркістаннан Самарқандқа ұшатын болады

QAZAQ AIR Түркістаннан Самарқандқа ұшатын болады

QAZAQ AIR әуекомпаниясы алғаш рет Түркістаннан Самарқандқа тікелей әуе қатынасын іске қосады. Алғашқы рейс 15 наурызға жоспарланған. Әуе тасымалы аптасына 2 рет канадалық de-Havilland Dash 8-Q400 заманауи, жайлы ұшақтарымен келесі кесте бойынша жөнелтіледі:
Жұма және жексенбі күндері (жергілікті уақыт бойынша):
IQ 509 Түркістан 20: 20-Самарқанд 21:20
IQ 510 Самарқанд 22:10-Түркістан 23:10.
Тарих пен мәдени мұраға бай түркі әлемінің алтын бесігі – Түркістан мен Самарқанд арасындағы әуе қатынасы екі мемлекеттің қарқынды мәдени және туристік саласының дамуына жол ашады. Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары үшін екі елдің бірегей мәдени ескерткіштері және үздік дәстүрлерімен танысу қолжетімді бола түсті.
Билеттерді www.flyqazaq.com сайтынан қазірден бастап брондауға және сатып алуға болады.