ФУТБОЛДАН АУДАН ӘКІМІНІҢ КУБОГЫ САРАПҚА САЛЫНДЫ

ФУТБОЛДАН АУДАН ӘКІМІНІҢ КУБОГЫ САРАПҚА САЛЫНДЫ
Аудан әкімдігі мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ауданымыздағы кент, ауылдық округ командалары арасында шағын футболдан аудан әкімі кубогы жарысы өтті.
Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімі Мырзабеков Аманжол Батырбекұлы сөз алып, жарысқа қатысушы барлық командаларға алғысын айтты. Сондай-ақ, аудан орталығынан шалғай орналасқан ауылдардан келген командаларға ерекше ілтипат білдіріп, барлық қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Нәтижесінде ІІІ орынды Жезді, ІІ орынды Қарсақбай, І орынды Ұлытау командасы жеңіп алды.
Жүлделі орынға ие болған командаларға аудан әкімдігі атынан дипломдар мен арнайы сыйлықтар табысталды. Орын алған командаларды аудан басшысы Аманжол Батырбекұлы марапаттады.
Жалпы, командалар арасындағы футбол жарысы тартысты да, қызықты өтті.