
2026 жылғы 19 маусымда Ұлытау ауданының орталығы Ұлытау ауылында Ұлытау облысы Әділет департаментімен «Заң мен тәртіп» қағидасын ілгерілету, сонымен қатар «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасының тұжырымдамасын іске асыру бойынша азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халықтын осал топтарына мемлекет кепілдік бергең заң көмегін көрсету мақсатында Ұлытау облысы Ұлытау ауданының тұрғындарымен кездесу ұйымдастыру жоспарлануда.
Аталған іс-шараға Ұлытау облысы Әділет департаментінің, Ұлытау ауданы әкімдігінің, прокуратураның қызметкерлері, кәсіби адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары мен басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысады.
Тұрғындармен кездесу 2026 жылғы 19 маусымда сағат 10:00-ден бастап Ұлытау ауылы, Абай көшесі, 27 ғимаратында орналасқан «Ұлытау аудан әкімінің аппараты» ММ ғимаратында өткізіледі.
Ұлытау ауданының әкімдігі