Ағымдағы жылы Ұлытау ауданында орналасқан келесі балық шаруашылығы су айдындарын конкурсқа шығару жоспарлануда.

Ағымдағы жылы Ұлытау ауданында орналасқан келесі балық шаруашылығы су айдындарын конкурсқа шығару жоспарлануда.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы (бұдан әрі-Инспекция) балық шаруашылығын жүргізу үшін жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекіту бойынша конкурстар өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлайды.

Бекітілген және Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Нұра-Сарысу және Тобыл-Торғай бассейндік инспекцияларымен келісілген тізімге сәйкес ағымдағы жылы Ұлытау ауданында орналасқан келесі балық шаруашылығы су айдындарын конкурсқа шығару жоспарлануда:

 

Су айдынының атауы

Ауданы, гектар

Орналасқан жері

Балық шаруашылығын жүргізу түрі

1

Шолақ бөгеті

14

Ұлытау ауылынан шығысқа қарай 19 шақырым

(N 48°41'42" E 67°13'21")

әуесқойлық (спорттық) балық аулау

2

Барақкөл көлі

1200

Қоскөл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым

 (N49°18'49" E 67°16'29")

әуесқойлық (спорттық) балық аулау

3

Егінді бөгеті

5

Егінді (Уражайная) ауылынан 1 шақырым (N49°03'18" E 67°46'01")

әуесқойлық (спорттық) балық аулау

4

Талсай бөгеті

48

Қарсақпай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 13 шақырым

  (N 47°55'25" E 66°50'22")

әуесқойлық (спорттық) балық аулау

5

Айнакөл өзені

16,5

Сәтбаев қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,3 шақырым

 (N 47°52'56.0" E 67°33'40.0")

әуесқойлық (спорттық) балық аулау

6

Қарасу бөгеті

12

Теректі селосынан солтүстік-шығысқа қарай 16 шақырым

 (N 48°10'27.0" E 68°42'10.0")

кәсіпшілік балық аулау

 

Осыған байланысты конкурсқа қатысу арқылы балық шаруашылығын жүргізу үшін су айдындарын бекіту мүмкіндігі туралы жергілікті тұрғындардың назарына жеткіземіз (анықтама тел. 8-7212-21-54-22).

Кәсіпшілік және (немесе) әуесқойлық балық аулауды жүргізу үшін су айдындарын бекіту жөніндегі конкурсты өткізу рәсімі «Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 393 бұйрығымен реттеледі.

«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-тармағына сәйкес Жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерінде толық орналасқан жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда олардың өтінімі бойынша ведомствоның аумақтық бөлімшесінің шешімімен конкурс өткізілместен оларға бекітіп беріледі.