Сайлау жүйесі, сайлау органдары, сайлау комиссияларының құқықтары мен міндеттерін түсіндіру

Сайлау жүйесі, сайлау органдары, сайлау комиссияларының құқықтары мен міндеттерін түсіндіру

Ұлытау ауданы Жезді кенті «Мектеп-интернаты» КММ-нің оқушыларымен Сайлау жүйесі, сайлау органдары, сайлау комиссияларының құқықтары мен міндеттерін түсіндіруде №112 сайлау учаскесінің комиссия мүшелері мен сайлау комиссиясының төрағасы Әлсейт Гүлмира Әлсейтқызы оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырып, оқушылар арасында пікірталас ұйымдастырды. Сайлау заңы мен жүйесінен ақпарат алған оқушылар, яғни кемел келешегіміздің болашақ сайлаушылары өздерінің пікірлерін білдірді.