Сайлау құқығы, принциптерін қатысушыларға жеткізу

Сайлау құқығы, принциптерін қатысушыларға жеткізу

Кеше 16 қыркүйек күні Ұлытау ауданы Жыланды ауылында орналасқан «№7 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де,  «Сайлау құқығы, принциптерін қатысушыларға жеткізу»  тақырыбында оқушылармен болашақ сайлаушылар үшін пікірталас ұйымдастырылды.  Кездесуді №120 Сарысу учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Жақанов Берік Серікұлы өткізді. Оқушыларға ҚР Сайлау заңы туралы түсінік бере отырып, жалпы сайлаудың принциптеріне тоқталып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар, Қаркеңгір ауылдық округінде «№4 жалпы білім беретін  мектебі» КММ-де оқушыларымен «Сайлау құқығы, принциптерін қатысушыларға жеткізу»  тақырыбында семинар өткізілді.  Кездесуді №113 Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Қорғанбаева Гүлшат Байахметқызы оқушыларға Сайлау  заңы, сайлау процессі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жалпы болашақ еліміздің сайлаушылары Сайлау заңы мен процестері туралы мәліметтер алып, өздерінің ойлары мен пікірлерін ортаға салып, пікір алмасты.