Сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарларға қатысты заңсыз әрекеттер үшін жаза қатайды

Сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарларға қатысты заңсыз әрекеттер үшін жаза қатайды

          Жезқазған станциясы ЖПБ Тергеу бөлімшесінің өндірісінде ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-бөлігімен тіркелген қылмыстық ісі тергелуде, яғни «Өрлеу» ЖК жұмыскері М. есімді азамат 04.08.2025 жылы вахталық ауысымның аяқталуына бір күн уақыт қалған кезде тергеумен анықталмаған белгісіз бір тұлғадан заңсыз қолға түсірілген 2 дана киік жануарының ұшасын, осы сәтте ол киікті  иемдену, сақтау және тасымалдау Қазақстан Республикасының аумағында заңмен тыйым салынғанын біле тұра, алайда оны ескермей және ол заңсыз іс-әрекеттен бас тартпай 30 000 теңгеге сатып алып, 05.08.2025 жылы вахталық ауысымының аяқталуына орай Ұлытау ауданы Қоскөл станциясының теміржол вокзалына дейін жетіп жол жүру билетіне сәйкес отыру барысында №118-ші «Павлодар-Қызылорда» бағытындағы жолаушылар поезының №09 вагоны жанында полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру шаралары барысында анықталып, өзімен бірге қорапта болған жалпы салмағы 38,8 килограмм болатын 2 дана киік жануарының ұшасы айғақ зат ретінде алынған.

         Демек, азамат М. осы істеген қылмыстық іс- әрекетімен ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-1-бөлігінде қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған, – яғни, заңсыз қолға түсірілген киікті иемденіп, сақтап және тасымалдаған. Қазіргі уақытта аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қолданыстағы ҚР ҚК 339-бабына сәйкес өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысқаны үшін төмендегіше қылмыстық жауапкершілік қарастырылған:

  1. Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын, оның ішінде олардың айналымы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен реттелетін түрлерін, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктерді немесе жануарларды, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз қолға түсіру, иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау немесе жою, сол сияқты олардың мекендейтін жерлерін жою -

мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

1-1. Киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау -

мүлкі тәркіленіп, үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  1. Осы баптың бірінші немесе 1-1-бөліктерінде көзделген, мынадай:

1) бірнеше рет жасалған;

2) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған;

4) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған;

5) ірі залал келтіре отырып жасалған іс-әрекеттер -

мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш мыңнан жеті мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  1. Осы баптың бірінші, 1-1 немесе екінші бөліктерінде көзделген, мынадай:

1) қылмыстық топ жасаған;

2) аса ірі залал келтіре отырып жасалған іс-әрекеттер -

мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Жоғарыдағылардың негізінде, аудан тұрғындарына «киік» жануарын  заңсыз атып немесе ауланған жануардың етін, дериваттарын, мүйіздерін сатып жатқан тұлғадан алуға тыйым салынғанын және осындай әрекеттерге барған жағдайда полиция қызметкерлерінің тарапынан қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы туралы ескертеміз. Сонымен қатар, кейбір азаматтар киік етін сатып алуға немесе тұтынуға заңды тұрғыда рұқсат етіледі деген қате түсінікке жол беріп отыр. Киік етін тек қана белгіленген жерлерден, яғни мемлекеттік мекемемен келісімшартқа отырған ет комбинаттарында және сою пункттерінде сатып алуға болатынын хабарлаймыз. Жоғарыда көрсетілген заң талаптарын сақтауда әр азамат құқықтық сауаттылық танытса заңға қайшы әрекеттер азаятыны сөзсіз.

 

Ұлытау ауданының әкімдігі