Мемлекеттік қызметшілермен әдеп бойынша түсіндіру жұмыстары

Мемлекеттік қызметшілермен әдеп бойынша түсіндіру жұмыстары

Бүгін 2025 жылдың 01 тамыз күні сағат 15:00-де Ұлытау ауданының әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Алмаз Қайрбекұлының және Ұлытау облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Еділбаева Жаңагүл Шайманқызының қатысуымен мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптары және қызметтік әдеп нормаларының сақталуының жай-күйі, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормаларын сақтау бойынша жұмыстарды жетілдіру және мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар мен әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуына ден қою жұмыстары туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді.