«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы

«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы

«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы

 

2025 жылғы 30 мамырда Ұлытау ауданының орталығы Ұлытау ауылында «Халық заңгері» кең ауқымды жалпыреспубликалық акциясы өткізіледі, сонымен бір кезеңде Қазақстанның барлық ірі қалалары мен елді мекендерінде де басталады.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті түсіндірме кеңес ала алады.

Аталған іс-шараға Ұлытау ауданы әкімдігінің, прокуратураның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, әділет, кәсіби адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары мен басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысады. 

Акция 2025 жылғы 30 мамырда сағат 10:00-12:00 аралығында Ұлытау ауылы, Абай көшесі, 23 ғимаратында орналасқан «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Ұлытау облысы бойынша филиалының Ұлытау аудандық бөлімі ғимаратында өткізіледі.

 

 

Ұлытау ауданының әкімдігі