Ұлытау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының сайлауды тағайындау туралы қаулысы

Ұлытау облысы

 Ұлытау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

№16  ҚАУЛЫСЫ

 

Ұлытау селосы                                                                       05 қараша 2025 жыл

 

 

Ұлытау ауданының Мибұлақ ауылдық округі

әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

          «Қазақстан Республикалық сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1 бабының 1 тармағы 3) тармақшасына және 3 тармағына сәйкес Ұлытау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

 

  1. Ұлытау ауданында 2025 жылғы 14 желтоқсанға Мибұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.

 

  1. 2025 жылғы 14 желтоқсанға тағайындалған Ұлытау ауданының Мибұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

 

  1. Осы қаулы Ұлытау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасына және аудандық «ULYTAU» газетіне жариялансын.

 

 

 

Аумақтық сайлау комиссиясының

төрағасы                                                                                        М. К. Ахметов

 

 

Аумақтық сайлау комиссиясының

хатшысы                                                                                       С. Н. Шагирова

 

 

Дата публикации
05 ноября 2025