Сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2024 жылғы 8 желтоқсанда өткен Ұлытау аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

 

2024 жылғы 8 желтоқсанда бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған Ұлытау аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтті.

Сайлаушылар тізіміне 1940 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 1347 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 122 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 9.

Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Ұлытау аудандық мәслихат депутаттарын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

№ 6 сайлау округі бойынша:

Б.Ж.Алибеков үшін сайлаушылардың 37 дауысы берілді,

С.Т.Алиманов үшін сайлаушылардың 316 дауысы берілді,

А.М.Рахимбекова үшін сайлаушылардың 45 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 5;

№ 7 сайлау округі бойынша:

Н.Б.Байғали үшін сайлаушылардың 35 дауысы берілді,

Ш.К.Кабиев үшін сайлаушылардың 386 дауысы берілді,

Г.Т.Омаров үшін сайлаушылардың 43 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 2;

№ 10 сайлау округі бойынша:

О.К.Алибаев үшін сайлаушылардың 50 дауысы берілді,

К.Т.Абуов үшін сайлаушылардың 366 дауысы берілді,

К.Б.Саликов үшін сайлаушылардың 47 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны -1;

Сайлау қорытындыларымен бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Ұлытау аудандық мәслихатының депутаттары болып сайланды:

№ 6 сайлау округі бойынша – Алиманов Сергазы Темирмаликович,  982 жылы туған, №7 ЖББ мектебі-мұғалім, Ұлытау ауданы, Жыланды ауылы.

№ 7 сайлау округі бойынша – Кабиев Шортан Кодарович, 1965 жылы туған, №3 ЖББ мектебі-дене тәрбиесі мұғалімі,  Ұлытау ауданы, Сарлық ауылы.

№ 10 сайлау округі бойынша – Абуов Каскырбек Токтыбаевич, 1973 жылы туған, №11 ЖББ мектебі дене тәрбиесі мұғалімі, Ұлытау ауданы, Қоскөл ауылы.

 

Ұлытау облысының Ұлытау аудандық

                                     аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

Дата публикации
10 декабря 2024