Ұлытау ауданының әкімі Советбек Тұрсынұлы Медебаевтың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы аясында 2021 жылы атқарылған жұмыстар туралы қорытынды есебі
Ұлытау ауданы еліміздің ең ірі әкімшілік-аумақтық ауданы, Қарағанды облысының 3/1 аумағында орналасқан (аумағы 122,9 мың кв.км), еліміздің 5 облысымен шектескен, қойнауы табиғи қазба байлықтарға толы, негізгі кәсібі өндірістік өнеркәсіппен қатар ауыл шаруашылығы да мол әлеуетке ие аудандардың бірі болып табылады.
Мемлекет тәуелсіздігінің 30-жылдығында, 2021 жылдың қорытындылары бойынша Ұлытау ауданының әлеуметтік-экономикалық саласының барлық бағыттарында оң өсім динамикасы байқалуда және ол аудан экономикасының серпінді дамып келе жатқандығын көрсетеді.
Экономиканың нақты секторы
Аудан экономикасы ауыл шаруашылығы бағытына ие, ІӨӨ (Ішкі өңірлік өнім) жалпы көлемінде ауыл шаруашылығы 73% құрайды. Бұл ретте, 2021 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі – 28 891 000,0 мың теңгені құрады. 2020 жылмен салыстырғанда 135,2% өсім бар (2020 жылы - 21 366 000,0 мың.теңге) (НКИ - 105,7%).
2021 жылдың қорытындысы бойынша Ішкі өңірлік өнім 2020 жылмен салыстырғанда 20% өсумен, 39 681 600,0 мың теңгені құрады (2020 жылы - 33 096 900,0 мың теңге). Жалпы ІӨӨ көлемінде өнеркәсіп үлесі - 9%, ауыл шаруашылығы - 73%, Құрылыс - 3%, сауда - 1% құрайды.
Ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары 2021 жылы 3 505 200,0 мың теңге өнеркәсіп өнімінің көлемі өндірілді (2020 жылдың деңгейіне 110% өсім).
Өнеркәсіп саласы
Аудан бойынша 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда орта және шағын кәсіпорындар өндірген өнім көлемі 3 505 200,0 мың теңгені құрады. Ол 2020 жылдың сәйкес мерзімінде 3 001 300,0 мың теңге болған, АКИ (Айғақтық Көлем Индексі) – 114%. Атап айтқанда:
«Форпост» ЖШС Сарысу селосының Үш шоқы кен орнында құрамында алтыны бар металл кендерін өндіру бойынша 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда құрамында 40,5 мың тонна алтыны бар кен өндірді, құны – 1 264 800,0 мың теңге.
«Қияқты Көмір» ЖШС Байқоңыр селосы, Қияқты кен орнында 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда 70 мың тонна көмір өндірді, құны – 125 900,0 мың теңге.
«Самға» ЖШС Жезді кентінің «Никольск» кен орнында малтатас, қиыршық тас, тас үгіндісін 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда 224,7 мың куб. өндірді, құны – 672 000,8 мың теңге.
«Нерис» ЖШС-і Жезді кентінде 1,8 мың тонна марганец өндірді, құны 320 000,0 мың теңге. Тау-кен өнеркәсібінде көрсетілген техникалық қызметтер көлемі – 553 000,0 мың теңге орындалды.
Ауыл шаруашылығы саласы
Ауыл шаруашылығы саласында 2021 жылы қол жеткізген көрсеткіштерге Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі мемлекеттік қолдау шараларының арқасында қол жеткізілді.
Аудан бойынша 1325 шаруа қожалықтары жұмыс істейді, оның ішінде 38 өсімдік шаруашылығымен, 1287 мал шаруашылығымен айналысады. Жалпы аудан бойынша 10 асыл тұқымды шаруашылықтары тіркелген. Оның ішінде: Ірі қара малының асыл тұқымды шаруашылық саны – 8, асыл тұқымды қой шарушылығы – 1, асыл тұқымды жылқы шаруашылығы - 1.
Қарағанды облысының статистика басқармасының есебі бойынша ауданымызда 2021 жылы мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі: тірі салмақта мал мен құс еті 4%-ға, сүт 6,2%-ға, жұмыртқа 12,7%-ға ұлғайды.
2021 жылы ауылшаруашылық құрылымдары 13 531,5 тонна ет, 104% (2020 ж. - 13 009,0 тн.), 36 712,8 тонна сүт, 106,2% (2020 ж. - 34 583,2 тн.), 1 133,1 мың дана жұмыртқа, 112,7% (2020 ж. - 1 005,0 мың дана) өндірді.
№ |
Ауыл шаруашылық өнімі түрі, мың. тонна |
2020 желтоқсан |
2021 желтоқсан |
2021 % 2020 |
1 |
Ет (тірі салмақта,тонна) |
13 009 |
13 531,5 |
104,0 |
2 |
Сүт (тонн) |
34 583,2 |
36 712,8 |
106,2 |
3 |
Жұмыртқа, мың дана |
1 005 |
1 133,1 |
112,7 |
Малдың шартты басы 235 299 басты құрап, өткен жылмен салыстырғанда 7% артты (220 426 бас). Ірі қара малдың басы 104%-ға, жылқы басы 11,9%-ға, қой мен ешкі басы 6,1%-ға, құс басы 13,2%-ға ұлғайды. Ірі қара мал басы – 56 547, қой мен ешкі – 133 721, жылқы – 45 031, құс – 13 401 басты құрады.
№ |
Мал түрі |
2020 желтоқсан |
2021 желтоқсан |
2021 % 2020 |
1 |
Ірі қара |
54 162 |
56 547 |
104,4 |
2 |
Қой-ешкі |
126 037 |
133 721 |
106,1 |
3 |
Жылқы |
40 227 |
45 031 |
111,9 |
4 |
Құс |
11 843 |
13 401 |
113,2 |
2021 жылы егін жинау барысы туралы:
2021 жылы егістік алқаптың жалпы көлемі 26,0 мың га (2020 жылы - 26,0 мың га) құрады (100%). Картоп 43 га (2020 жылы - 43 га), (100%). Бау-бақша 12 га (2020 жылы - 12 га.) (100%) құрады.
Бүгінгі күнге жалпы аудан бойынша 20 800 тонна өнім алынды. Әр гектардан түсімі – 7 ц/га (2020 жылы 6 ц/га),
Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары
2021 жылы жалпы аудан бойынша 551 шаруа қожалығы 560 900,0 мың теңге мемлекеттік субсидиясын алды. Оның ішінде мал шаруашылығы бойынша 439 шаруа қожалығы 314 552,0 мың.теңге субсидия алды.
Ауыл шаруашылығы техникасын, машиналар мен жабдықтарды сатып алу арқылы 33 шаруа қожалығы 53 578,0 мың теңгеге, жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын құру және мал шаруашылығы шаруашылықтарын сумен қамтамасыз ету (құдықтар, ұңғымалар) бағдарламасы бойынша 79 шаруа қожалығы 192 830,0 мың теңгеге мемлекеттің қолдауын алды.
2021 жылы 52 техника алу жоспары бекітілген болатын. Жыл аяғында (138,4%) аудан бойынша 72 дана жаңа техника сатып алынды.
2021 жылы ауданның шаруа қожалықтары «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Агронесиелік Корпорация» АҚ-ы арқылы 53 000,0 мың теңге несие қаражатын дамыту мақсатында 9 жобаға қаражаттар алды. Ауыл шаруашылығы қаржылай қоры ішкі өз қаражаты есебінен ауданның шаруа қожалықтарынан түскен сұраныстарын қарап, 34 жобаға құны 525 900,0 мың теңгеге 371 бас ірі қара, 233 бас ұсақ мал, 968 бас жылқы малына несиелерін берді.
2021 жылы ауданымыздың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тарапынан 214 600,0 мың теңгеге 23 жаңа жұмыс орнын ашумен, 5 жоба іске қосылды.
2022 жылы 850 00,0 мың теңгеге, 26 жаңа жұмыс орнымен 3 жоба бойынша жұмыстар ұйымдастырылуда.
2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда меншік нысандары бойынша негізгі капиталға инвестиция салушылар тарапынан 5 848 300,0 мың теңге инвестициялар салынды. АКИ 114,1%. 2020 жылы инвестиция көлемі 4 909 500,0 мың теңгені құраған.
Оның ішінде: Ауылшаруашылығы саласында – 767 00,0 мың теңге; Бюджеттік көздерден тартылған инвестициялар көлемі – 2 652 500,0 мың теңге; «ҚТЖ» ҰК» АҚ – 298 600,0 мың теңге; «ҚазТрансОйл» АҚ – 1 080 200,0 мың теңге; «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ – 1 050 000,0 мың теңгені құрады.
Шағын бизнес саласында 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда 1836 ШОБ тіркеліп, 1792 ШОБ субъектісі жұмыс жасауда. 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда бұл көрсеткіш бойынша 1755 ШОБ (104,6%) тіркеліп, 1721 ШОБ (104,1%) белсенді жұмыс жасаған болатын.
2021 жылы аудан әкімінің жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында 23 жобаға 20 000,0 мың теңгенің гранты үлестіріліп берілді.
2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда бөлшек тауар айналымы 335 000,0 мың теңге құрады (АКИ – 95,8 %). 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда бұл көрсеткіш 320 200,0 мың теңгені құраған болатын.
Әлеуметтік азық-түліктің бағасын өсірмеу мақсатында 2021 жылға ауыл, кент округтерінде азық-түлік бағаларына 10 пайыздан артық үстеме қоспау жөнінде жеке кәсіпкерлермен 65 меморандум жасалды. Оның орындалысын қамтамасыз ету мақсатында аудан дүкендеріндегі азық-түлік бағаларына тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі.
Сонымен қатар, бағаны тұрақтандыру мақсатында Ұлытау ауданында жәрмеңкелер маусымдар бойынша тұрақты өткізіліп келеді.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 1 096 200,0 мың теңгені немесе 2020 жылдың деңгейіне 30,5% құрады (2020 жылы – 3 499 900,0 мың теңге).
Құрылыс жұмыстары көлемінің 2020 жылмен салыстырғанда төмендеуінің негізгі себебі – 2019-2020 жылдары аудан аумағы арқылы өтетін «Сарыарқа» магистральдық газ құбыры учаскесін салу кезінде жүргізілген ауқымды құрылыс жұмыстарының болуымен түсіндіріледі: мәселен, 2019 жылы газ құбырын салуда құны 63 925 100,0 мың теңге құрылыс жұмыстары орындалды, 2020 жылы газ құбыры бойында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жайластыру және салу бойынша құны 2 894 000,5 мың теңге жұмыстар жүргізілді. 2021 жылы газ құбыры учаскесін орнатудың аяқталуына байланысты, аудан аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілген жоқ.
2021 жылы аудан бойынша бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы аяқталғанын атап өткен жөн. Мәселен, 01.02.2021 жылы «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейінің «Ұлытау» Сапар орталығының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, жергілікті бюджет қаражаттары есебінен осы нысанға инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысы аяқталды және пайдалануға қабылданды. Сондай-ақ, Қарсақбай кентінде 16.12.2021 жылы 100 көрерменге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
2021 жылы құрылыс саласында даму жобаларын қаржыландыру
2021 жылы Ұлттық қор, Республикалық және Жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен аудан бойынша бірқатар бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілді:
Құрылыстың шарттық құны – 440 635, 6 мың теңге. Нысан 16.12.2021 жылы пайдалануға қабылданды.
2020 жылы бөлінгені және игерілгені – 353 951,3 мың теңге (80%)
2021 жылға бөлінгені – 105 651,3 мың теңге (ОБ – 88 100 мың тг, ЖБ – 17 500,0 мың тг) 01.01.2022 жылға игерілгені – 105 651,3 мың теңге (100%).
Құрылыстың шарттық құны – 396 717,1 мың теңге. Нысан 2022 жылға ауыспалы.
Құрылысты бастау мерзімі –2020 жылғы шілде, аяқтау мерзімі –2022 жылғы шілде
2020 жылы бөлінгені және игерілгені – 86 259,4 мың теңге (21,7%)
2021 жылға бөлінгені – 325 603,1 мың теңге (ОБ-248 100,0 мың тг., ЖБ-77 500,0 мың тг.)
01.01.2022 жылы игерілгені – 300 621,0 мың тг (92%).
2022 жылы ЖСҚ түзетілуде. Қосымша қажеттілік сараптамасынан соң белгілі болады.
Құрылыстың шарттық құны – 680 300,0 мың теңге.
2021 жылға бөлінгені – 149 900,0 мың теңге, игерілгені – 125 000,0 мың теңге (83%)
Нысан 2022 жылға ауыспалы. Қосымша қажеттілік – 24 982,0 мың теңге.
Құрылыстың шарттық құны – 279 986,5 мың теңге
2021 жылға бөлінгені – 112 344 ,0 мың теңге, игерілгені – 98 000,0 мың теңге (87%).
Қосымша қажеттілік – 13 722,7 мың теңге. Объект 29.12.2021 жылы қабылданды.
2021 жылға бөлінгені және игерілгені – 714 620,0 мың теңге, оның ішінде Ұлттық қордан – 294 000,0 мың теңге, ОБ – 344 195,0 мың теңге, ЖБ – 76 425,0 мың теңге.
15.12.2021 жылы 3-қабатты 24-пәтерлі тұрғын үй пайдалануға қабылданып, 24 көпбалалы отбасыларына бөлініп берілді. Құны 365 600,0 мың теңге.
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасының шеңберінде 58 041,0 мың теңге бөлініп, толықтай игерілді:
- Борсенгір ауылында кентішілік жолдарды ағымдағы жөндеу (0,754 км) – 22 945,1 мың теңге. Нысан 23.09.2021 жылы пайдалануға қабылданды.
- Жыланды ауылында кентішілік жолдарды ағымдағы жөндеу (1,5 км) – 35 095,9 мың теңге.
Нысан 23.09.2021 жылы пайдалануға қабылданды.
Тұрғын үйлерді пайдалануға беру
2021 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 13 162 ш.м., немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 306,8% өсім құрады (2020 жылы – 4 290 ш. м.).
2021 жылғы желтоқсанда Ұлытау ауылында жеке құрылыс салушы «Сарыарқа ЖШС» тұрғын үйге мұқтаждардың кезегінде тұрған 24 көп балалы отбасы үшін сатып алуға және бөлуге арналған үш қабатты 24 пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға берді. Сондай-ақ, жеке құрылыс салушылар «Бозай KZ» ЖШС мен «Самға» ЖШС екі қабатты 8 пәтерлі екі тұрғын үй және екі қабатты 16 пәтерлі екі тұрғын үй салу бойынша жобаны іске асыруда. Осы көппәтерлі тұрғын үйлердегі 48 пәтерлерді мұқтаж азаматтарға ағымдағы жылғы 2-тоқсанда сатып алу және бөлу жоспарлануда.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы
2021-2022 жылғы күзгі-қысқы жылу беру маусымын өткізу барысы
Ұлытау ауданы бойынша 2021-2022 жылғы күзгі-қысқы жылу беру маусымы ауданда орналасқан 55 әлеуметтік-мәдени нысандарда бір қалыпты деңгейде өтуде, нысандар қажетті көмір қорымен, жанар-жағар маймен және қосалқы генераторлармен қамтылған. Көмір қоры жылу беру маусымының аяғына дейін жеткілікті (көмірдің шығына: айына – 1 179 тонна, аптасына – 279 тн, күніне – 39 тн). Бүгінгі күнге 36 автономдық жылыту жүйесі жұмыс атқаруда. Осы 36 автономды жылу жүйесінде 74 жылу қазандығы бар, оның 20 қазандығы - резервтік. Оның ішінде: Мәдениет нысандарында - 7; Денсаулық нысандарында - 4; Білім беру нысандарында - 20; Спорт нысанында - 1; Бюджеттік мекемелерде - 4 қазандықтар орналасқан. Тұрғындарға қажетті 16200 тонна көмір толық тасымалданды.
Қысқы жылу беру маусымына дайындық барысында аудан көлемінде 27 087,0 мың теңгеге 3 модульді қазандық орнатылды, оның ішінде:
№ |
Атауы |
Қаржысы, мың.теңге |
Мердігері |
Ескертпе |
1. |
№18 Мибұлақ ОМ |
8 250,0 |
«Марганец» ЖШС |
аяқталды |
2. |
№3 Қаракеңгір ОМ |
8 240,0 |
«Марганец» ЖШС |
аяқталды |
3. |
Мибұлақ клуб үйі |
10 597,0 |
«Марганец» ЖШС |
аяқталды |
Барлығы: |
27 087,0 |
|
|
Бүгінгі күнге Ұлытау ауданының ауыз су жүйесінің жалпы ұзындығы 88,8 шақырымды құрайды. Ауыз су жүйесінің тозуы деңгейі 60% немесе 53,2 км. құрайды.
Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыруға 36 045,6 мың теңге қаржы қаралды, оның ішінде: Елді-мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге 14 696,0 мың теңге бөлінді. Жезді кентіне 21 350,0 мың теңге қаржы қаралды. Оның ішінде: дюкер ауыстыру жұмыстарына 11 268,7 мың теңге, Жезді кентінің су жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 2 952,2 мың теңге, Есқұла-Жезді су жүйесінің құбырын ауыстыруға 7128,7 мың теңге қаржы қаралып, жұмыстар аяқталды.
Ұлытау селосының Жамбыл, Асатов көшелерінің ауыз су желілеріне 7 950,0 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігері «Блеуті Строй» ЖШС.
Ұлытау ауданы Ақтас кентінің ауыз су мұнарасына ауданыдық бюджеттен 10 949,0 мың теңге қаржы қаралып, 8 000,0 мың теңгеге жаңа ауыз су мұнарасын ортану жұмыстары жүргізілді. Үнемделген 2 949,0 мың теңге аудандық бюджетке қайтарылды.
Ұлытау селосы бойынша ауыз су жүйесінің жалпы ұзындығы 12 шақырым. Жүйелердің тозуы 80%. Ауыз су құбырларын қайта қалпына келтіру және жөндеу 15 жылдан астам жүргізілген жоқ.
Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 2022 жылы «Ұлытау селосының ауыз су жүйесін қайта қалпына келтіру» жобасы бойынша жөндеу жүргізу жоспарлануда. ЖСҚ бойынша жобаның жалпы құны – 429 532,6 мың теңгені құрайды. Жобаны іске асыру мерзімі: 2022-2023 жылдар. 2022 жылға РБ бөлінген қаражаттар – 334 763,0 мың теңге. Қосымша қажеттілік - 94 769,7 мың теңгені құрайды.
Ұлытау ауданы аумағында ауыз су және электр энергиясы тұрғындарға бір қалыпты деңгейде берілуде. 2021 жылы Ұлытау ауданындағы электр желілеріне және құрылымдарына төмендегідей жұмыстар атқарылуда:
2021 жылғы 19 қарашада «Казэнергоцентр» ЖШС алдындағы 346,9 млн.теңге берешек мөлшері толық жабылды.
Бүгінгі күні Ұлытау ауданының электр желілерін және оның құрылымдарын «Қарағанды облысының энергетика және түрғын үй – коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ бірлесе «ЖРЭК» АҚ-на өткізу-қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
Ұлытау ауданының автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 1350,5 км. құрайды, оның ішінде республикалық маңыздағы – 598 ш., облыстық маңыздағы – 447 ш., аудандық маңыздағы – 213 ш., кентішілік жолдар – 92,5 ш.
Аудандық маңызы бар автокөлік жолдарының қалыптасқан жағдайдағы үлесі:
2021 жылы облыстық және аудандық маңыздағы автокөлік жолдарын күтіп үстауға, ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 195 354,0 мың теңге бөлінді. Оның ішінде жергілікті бюджет қаражаттары есебінен аудандық маңыздағы «Қоргасын с. кіреберіс» автокөлік жолына 73 920,0 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары, Ұлытау ауылының ішкі көше жолдарын күтіп ұстауға 33 470,0 мың теңге, аудандық дәрежедегі автокөлік жолдарын күтіп ұстауға 25 400,0 мың теңге бөлінді.
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық және жергілікті бюджеттерден 23 404,0 мың теңгеге Борсеңгір селосының Қазақстан және Ардагерлер көшелерінің 0,754 шақырым автокөлік жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді (оның ішінде РБ – 21 064,0 мың теңге, ЖБ – 2 340,0 мың теңге). Мердігері: «Жол Құрылыс Өнімі» ЖШС. Сонымен қатар, Жыланды селосының Сатпаев көшесінің 1,1 км. автокөлік жолына республикалық және жергілікті бюджеттерден 39 160,0 мың теңгеге (оның ішінде РБ – 35 244,0 мың теңге, ЖБ – 3 916,0 мың теңге) Мердігері «ART Stroi» ЖШС орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Аудандық дәрежедегі 213 шақырым автокөлік жолдарын күтіп ұстау үшін 2021 жылы 27 611,0 мың теңге қаржы қаралды. Конкурстардың қорытындысы бойынша село, кент әкімдері автокөлік жолын күтіп ұстауға 17 806,8 мың теңгеге келісім шарт жасасты, үнемделген 9 804,2 мың теңге бюджетке қайтарылады. Аудандық дәрежедегі автокөлік жолдарын күтіп ұстау жұмыстары 17 техникамен атқарылуда. Оның ішінде:
«Терісаққан селосына кіре беріс 0-44 шақырым» автокөлік жолын күтіп ұстауға аудандық бюджеттен 5 000,0 мың теңге қаржы қаралды, 2 177,7 мың теңгеге «ДОС» жеке кәсіпкермен келісім шарт жасалды. Мердігердің атқарған жұмыстары үшін 1 500,0 мың теңге аударылды, 677,7 мың теңге жылдың аяғына дейін игеріледі. Үнемделген 2 822,2 мың теңге бюджетке қайтарылады;
«Мибұлақ селосына кіре беріс 0-40 шақырым» автокөлік жолын күтіп ұстауға аудандық бюджеттен 5 000,0 мың теңге қаржы қаралды, 1 612,0 мың теңгеге «Diana Building Servise» ЖШС келісім шарт жасалды. Мердігердің атқарған жұмыстары үшін 800,0 мың теңге аударылды, 812,0 мың теңге жылдың аяғына дейін игеріледі. Үнемделген 3 388,0 мың теңге бюджетке қайтарылады;
«Жыланды селосына кіре беріс 0-20 шақырым» автокөлік жолын күтіп ұстауға аудандық бюджеттен 1 500,0 мың теңге қаржы қаралды, 1 458,0 мың теңгеге «Арай» жеке кәсіпкермен келісім шарт жасалды. Мердігердің атқарған жұмыстары үшін 700,0 мың теңге аударылды, 758,0 мың теңге жылдың аяғына дейін игеріледі. Үнемделген 42,0 мың теңге бюджетке қайтарылады;
«Қорғасын селосына кіре беріс 0-27 шақырым» автокөлік жолын күтіп ұстауға аудандық бюджеттен 8 000,0 мың теңге қаржы қаралды, 4 532,0 мың теңгеге «Ұлытау - Тасбұлақ» ЖШС келісім шарт жасалды. Мердігердің атқарған жұмыстары үшін 3 150,0 мың теңге аударылды, 1 382,0 мың теңге жылдың аяғына дейін игеріледі. Үнемделген 3 468,0 мың теңге бюджетке қайтарылады;
«Егінді селосына кіре беріс 0-32 шақырым» автокөлік жолын күтіп ұстауға аудандық бюджеттен 4 000,0 мың теңге қаржы қаралды, осы қаржығы «Аслан» жеке кәсіпкермен келісім шарт жасалды. Мердігердің атқарған жұмыстары үшін 3 400,0 мың теңге аударылды, 600,0 мың теңге жылдың аяғына дейін игеріледі. Үнемделген қаржы жоқ;
«Борсеңгір селосына кіре беріс 0-20 шақырым» автокөлік жолын күтіп ұстауға аудандық бюджеттен 1 111,0 мың теңге қаржы қаралды, осы қаржығы «Respect Stroy KZ» ЖШС келісім шарт жасалды. Бұл қаржыны жылдың аяғына дейін игеру жоспарлануда;
«Сарлық селосына кіре беріс 0-30 шақырым» автокөлік жолын күтіп ұстауға аудандық бюджеттен 3 000,0 мың теңге қаржы қаралды, 2 916,0 мың теңгеге «Айтуар» жеке кәсіпкермен келісім шарт жасалды. Мердігердің атқарған жұмыстары үшін 2 458,0 мың теңге аударылды, 458,0 мың теңге жылдың аяғына дейін игеріледі. Үнемделген 84,0 мың теңге бюджетке қайтарылады;
Аудандық дәрежедгі «Қорғасын селосына кіре беріс» автокөлік жолына «Шеңбер ауылдық округі әкімдігі» ММ 19,1 шақырым автокөлік жолына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді. Қаржысы 73 920,0 мың теңге, мердігері «Ғимарат KZ» ЖШС.
Аудандық дәрежедегі «Сарлық селосына кіре беріс» 0-20 шақырым аралығына «Дорожник» ӨК 2019 жылдың 20 мамырдағы №28 шарттың 7.2. тармағына сәйкес автокөлік жолында пайда болған ақауларын түзету жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында 200 м2 ой-шұңқырларына асфальт төселді.
Республикалық дәрежедегі «Жезқазған – Петропавл» бағытындағы 39-49 шақырым аралықтағы автокөлік жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігері «АРМстрой» ЖШС.
Облыстық дәрежедегі «Ұлытау – Бозтұмсық – Малшыбай – Сатпаев» бағытындағы автокөлік жолының 24-40 шақырым аралығына 2020 жылы орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2021 жылы 0-24 шақырым аралығына «Алмас Құрылыс» ЖШС жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Жұмыстын аяқтау мерзімі - 2022 жыл.
Ұлытау ауданының аумағында Қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған 16 полигондар орналасқан. Осы 16 полигондардың мемлекеттік жер актілері, Әділет басқармасына тіркеліп, кадастрлық номерлері алынған. 16 қатты тұрмыстық қалдықтарды төгетін полигондардың меншік иелері полигондар орналасқан аймақтардың село, кент әкімдіктері болып табылады. 2021 жылға полигондарға қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу мақсатында бес кенттік, селолық округтерге 55 000,0 мың теңге бөлінде. Атап айтқанда Жезді, Қарсақпай кенттері мен Ұлытау, Қаракеңгір, Борсеңгір селолық округтеріне 11 000,0 мың теңгеден қаралды:
Эмиссияға рұқсат, мемлекеттік сараптамаға қорытынды алынбаған.
Ұлытау селосында орналасқан полигон құжаттарын рәсімдеуге веб порталға баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуға 18.05.2021 жылы порталға хабарландыру берілді.
2021 жылы ҚТҚ полигонына көмуге (утилизация) жасау жұмыстарына келісім шартқа отырылып жұмыстар жүргізіледі.
ТҚҚ полигоны Қаракеңгір ауылдық округі Бозтұмсық ауылының солтүстік шығыс бағытында 5 км қашықтықта орналасқан. ТҚҚ полигонының аумағы 2 га,
1.ТҚҚ полигонына қарасты жер телімі белгіленген жерге заңды құжаттары бар.
Техникалық экономикалық негіздеме жобасын әзірлеу үшін баға ұсынысы бойынша мемлекеттік сатып-алу порталы арқылы 12.05.2021 жылы 6 000,0 мың теңгеге баға ұсынысы бойынша конкурс берілді. 04.06.2021 жылы 4 480,0 мың теңгеге «Каз Энерго Сервис Строй» ЖШС-гі конкурс жеңімпазы атанды.
ТҚҚ полигонын салуға бөлінген учаскеде инженерлік–геологиялық ізденіс құжаттарын жасату үшін бір көзден мемлекеттік сатып - алу порталы арқылы 1 300,0 теңгеге келісім – шарт жасалып, аталған жұмыстар дайындалды. Қазіргі уақытта «Каз Энерго Сервис Строй» ЖШС-гі арқылы ТЭН жобасын әзірлеу жұмыстарын жүргізуде. Аталған жоба жыл аяғына дейін дайындап, мемлекеттік сараптамадан өткізу жоспарлануда.
2022 жылы ТҚҚ полигонының құрылысына жұмыс жоспарын жасау және эмиссияға рұқсатнама құжатын алуға 9 800,0 мың теңге қажет етеді.
ҚТҚ қарасты жер телімі белгіленген, жерге заңды құжаттары бар. Эммисияға рұқсат алу үшін 2021 жылы жобалау барлау жұмыстарын «Asia-Project» ЖШС 112,0 мың теңгеге жасатқан. Жасатқан жобалау барлау жұмыстарын ҚР Мемлекеттік сатып алу порталына құны 3 427,3 мың теңгеге қосымша құнсыз баға сұранысымен берген. Жеңімпазы «AVANGARD проект» ЖШС 1 670,0 мың теңгеге ұтып алды. Келісім шарт бойынша жұмыстың аяқталу мерзімі 20 желтоқсан 2021 жыл. Қазіргі таңда топографиялық картаға түсірді. Енді жерді бұрғылау станоктары келіп жерін топырағын тексереді. Жобалау сметалық құжаттарын жасап береді. Алдағы 2022 жылы осы жобамен қаржы сұрап қатты қалдық полигонына рұқсат алу алгоритімі бойынша толық жұмыстар аяқталады.
Ұлытау ауданының елді-мекендерінде сәулеттендіру, санитарлық тазалау және көгалдандыру бойынша, көктемгі екі айлықта және 2021 жылы «жасыл аймақтарды» құру бойынша сонымен қоса Республика көлемінде мемлекет басшысының бастамасын іске асыру барысында «Таза табиғат» ағаш отырғызу акциясында аудан көлемінде көшелерге, саябақтарға, жол бойларына 2196 түп ағаштар (қарағай, терек, шырша, қайың) отырғызылды. Кесілген ағаштар 783 түп, отырғызылған көшеттер 350 дана. Тазартылған аумақтар 3747 гектар, рұқсат етілмеген жерлердегі жойылған қоқыстар 163, өткізілген рейдтер 168, тұрғындармен өткізілген жиындармен кездесулер 174.
Ұлытау селосында сәулеттендіру, санитарлық тазалау және көгалдандыру бойынша жазғы тазалық жұмыстарын өткізу туралы, аудан әкімінің 27 шілде 2021 жылғы №37ө Өкімімен 2021 жылдың 29 шілде мен 26 тамыз аралығында Ұлытау селолық округінде сәулеттендіру, санитарлық тазалау және көгалдандыру бойынша жазғы тазалық жұмыстары жүргізілді. Тұтыстай алғанда, жазғы тазалық маусымының кезінде 66,6 га аумақ тазаланып, 12 т қоқыс полигонға шығарылды.
Ұлытау ауданының елді мекендерінде сәулеттендіру, санитарлық тазалау және көгалдандыру бойынша күзгі айлықта төмендегідей жұмыстар атқарылған:
03.09.2021 жылы Ұлытау ауданының кенттік, селолық елді мекендерін сәулеттендіру, санитарлық тазалау және көгалдандыру бойынша ағымдағы жылдың 06 қыркүйегінен 06 қазан аралығында күзгі айлықты өткізу туралы аудан әкімінің №44ө шықты. Осы өкімге сай кенттік, селолық округтерде іс-шаралар дайындалып және елде болып жатқан төтенше жағдайды ескере отырып барлық мекеме – ұйымдар тазалық жұмыстарын жүргізуде. Өкімге сәйкес, 18 қыркүйек жалпы облыстық сенбілік және 25 қыркүйек пен 02 қазан күндері аудандық сенбілік болып бекітілді. Әр жетінің бейсенбісі «таза бейсенбі» күндері 4 рет өткізілді. Күзгі айлық барысында аудан бойынша 1 рет жалпы облыстық, 2 рет аудандық сенбілік өткізілді.
Күзгі санитарлық тазалық айлығының қорытындысы бойынша 177 ұжымнан өспелі қорытындысымен 2623 адам қатысты, 62 техника шығарылды, оның ішінде 25 жүк тиегіш. Барлығы көктемгі екі айлықта және күзгі бір айлықта 6104 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар, күл-қоқыс сыртқа шығарылды. Күзгі бір айлықта тазартылған аумақтар 175 гектар. Рұқсат етілмеген жерлердегі жойылған қоқыстар 84 дана, кесілген ағаштар 36 дана. Отырғызылған ағаштар 30 түп. Өткізілген рейдтер 63, тұрғындармен 52 жиындар мен кездесулер өткізілген.
2021 жылы Ұлытау селосының тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, бұлттық қызмет көрсету бойынша аудандық бюджеттен 8 516,8 мың теңгеге қаржы қаралып, 44 дана бейне бақылау камераларын орнату жұмыстары жүргізілді.
«Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша
Ауданда халықты жұмыспен қамту сұрақтары халықтың тұрақты жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды қарастыратын, халықты жұмыспен қамтуды жәрдемдесудің Кешенді жоспары аясында шешіледі.
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыруға 2021 жылы 177 318,0 мың теңге бөлініп, 12 айда 177 125,2 мың теңгесі игерілді немесе 99,0% (2020 жылы 106 228,0 мың теңге бөлініп, 105 510,4 мың теңгесі игерілді немесе 99,3%).
«Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бірінші бағыты аясында кадрларды қайта даярлауға (жоспар 6 адам) қайта даярлау курстарын 6 адам аяқтап, жұмысқа орналасты, 1 303,2 мың теңге игерілді, (2020 жылы 6 адам оқытылды).
№ |
Оқытушы ұйым |
Мамандық |
Оқуға жолданғандар |
Оқуды аяқтағандар |
1 |
Жезқазған қ. «Отан» кәсіби-техникалық оқу орталығы |
Электр құрылғыларды жөндеуші слесарь |
6 |
6 |
|
БАРЛЫҒЫ |
|
6 |
6 |
01.01.2022 жылға статистикалық мәлімет бойынша:
Халық саны – 12 782 адам,
Экономикалық белсенді халық саны (ЭБХ) – 6711 адам,
01.01.2020ж жұмыссыздар саны – 203 адам,
01.01.2021ж жұмыссыздар саны – 222 адам,
Жұмыссыздық деңгейі -3,3%
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны -132 адам.
Жаңа бизнес жобасын ашуға мемлекеттік грант 200 АЕК көлемінде 40 адамға (жоспар 40 адам) 23 336,0 мың теңге (2020 жылы 65 адамға 36 114,0 мың теңге) толығымен игерілді.
Өз ісін дамытуға несие 2021 жылы 20 адамға 98 152,0 мың теңге берілді (жоспар 34 адам 151 400,0 мың теңге), орындалысы 58,8% құрады.
2021 жылдың 12 айында жұмыспен қамту орталығына еңбек делдалдылығымен 433 адам өтініш білдіріп, 314 адам (72,5%) жұмысқа орналастырылды (2020 жылы 536 адамның 499-і (93,1%) жұмысқа орналастырылған). Халықты жұмыспен қамтудың қолданыстағы формалары 12 адам (жоспар 12 адам) жұмыссыз азаматтар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға мүмкіндік берді, орта арнайы және жоғары оқу орындарының 15 түлегі (жоспар 10) жастар тәжірибесіне жолданды және 243 адам (жоспар 106 адам) қоғамдық жұмысқа қатысты.
«Ұлытау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де 4 мемлекеттік қызметкерлер, 6 азаматтық қызметкер және 18 әлеуметтік қызметкерлер жұмыс атқарады. Бөлім қызметкерлері халықтың нысаналы топтарына (аз қамтылғандарға, мүгедектерге, зейнеткер жасындағы тұлғаларға, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға, соғыс және еңбек ардагерлеріне, батыр аналарға, т.б әлеуметтік көмекті қажет ететін азаматтарға) мемлекеттік негізде қамқорлық көрсетеді. Бөлімнің жұмыс жүргізудегі негізгі мақсаты әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын және әлеуметтік қорғау мен халықты жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік бағдарламалар жобаларын жүзеге асыру, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру, аудандағы әлеуметтік-экономикалық, еңбек қатынастары жөніндегі әлеуметтік әріптестікті дамыту.
Атаулы әлеуметтік көмек және кепілдендірілген әлеуметтік пакет бойынша:
2021 жылы атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақысына 36 отбасының 210 мүшесіне 7 785,9 мың теңге тағайындалып, оның ішінде шартты ақшалай көмекке 7 637,9 мың теңге, шартсыз ақшалай көмекке 148,0 мың теңге төленді.
Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 16 баласына (1-3 жас аралығында -7 бала және 3-6 жас аралығында -9 бала) кепілдендірілген әлеуметтік пакет берілді. Қарағанды қаласындағы «АЯН» ЖК мен келісім шартқа 1 449,0 мың теңгеге отырып барлық пакеттер баларға жеткізілді.
Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде аудан көлеміндегі мүгедек жандардың мүддесін қорғау, оларға қамқорлық жасау бағыттарда жүйелі жұмыстар тұрақты жүргізілуде.
2021 жылдың 12 айында барлығы 588 мүгедектер: І топ- 37, ІІ топ - 274, ІІІ топ- 244 және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар - 33, оның ішінде есту бойынша мүгедектер - 4, көру бойынша мүгедектер -7, тірек қозғалуы аппараты нашар мүгедектер - 15, кресло арбамен жүріп тұратын мүгедектер -7 бар.
2021 жылы Үйлерге әлеуметтік көмек көрсету 60 жалғыз басты қарттарға және 18 мүмкіндігі шектеулі кемтар балаларға, барлығы 78 адамға қызмет көрсетілді (2020 жылы 88 адамға қызмет көрсетілген).
«Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету» мемлекеттік стандарты бойынша 16 адамға қызмет көрсетіліп, 1 341,6 мың теңге игерілді, сондай-ақ мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін 8 балаға 280,0 мың теңге төленді (2020 жылы 7 адам).
Мүгедектерді мемлекеттік әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында:
- міндетті гигиеналық құралдар және орын толтырушы құралдар 59 мүгедек қамтамасыз етіліп, 5 233,7 мың теңге төленді;
- 26 адамға жеке көмекшінің қызметін ұсынылып, 23 жеке көмекшілеріне 15 389,0 мың теңге жұмсалды (2020 жылға 19 жеке көмекшілерге 11 099,9 мың теңге жұмсалған);
- «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты бойынша 6 мүгедек азаматтар әртүрлі протездік-ортопедиялық құралдар (ортопедиялық аяқ киімдер, балдақтар, бел протезі) алды, 619,2 мың теңге төленді;
- «Мүгедектерге кресло – арбалар беру үшін оларға құжаттарды рәсімдеуге» 3 мүгедек қамтамасыз етілді, 350,5 мың теңге төленді;
- «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету» бойынша 14 мұқтаж жан жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес (4 ноутбук, 3 сағат, 2 телефон, 1 тонометр, 1 термометр, 2 плеер, 1 тифлотрость) әлеуметтік көмек порталындағы тапсырыстарына байланысты, республикалық бюджеттен 1 914,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 1 597,0 мың теңге төленді;
2021 жылы тұрғын үй көмегі 6 отб 24 мүшесіне 778,0 мың теңге тағайындалып, төленді. (2020 жылға 10 отбасына 786,0 мың теңге төленген).
2021 жылы коммуналдық көмекке 1030 маманға 29 170,0 теңгеден 30 045,1 мың теңге төленді. (2020 жылы 1013 маманға 27 780,0 теңгеден 28 141,1 мың төленді);
«Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша 2021 жылы 2063 адамға жалпы 28 599,8 мың теңге сомасына мерекелік және атаулы күндерге орай біржолғы төлемдер жүзеге асырылды (2020 жылы 24 414,0 мың теңге игерілген), атап айтқанда: 2021 жыл - 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай 410 «Алтын алқа», «Күміс алқа» ие болған батыр аналарға және 307 кәмелет жасына толмаған 4 және оданда көп балалары бар аналарға, барлығы 717 ана, жалпы сомасы 7 170,0 мың теңге берілді;
- 22 наурыз мейрамына сәйкес, Қазақстан Республикасында белгіленген ең төменгі зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы мөлшерінен аспайтын, жасына байланысты зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы алушыларға 5,0 мың теңгеден 52 адамға 260,0 мың теңге берілді;
- 1 мамыр Халықтар бірлігі күніне орай 1,2,3 топ мүгедектеріне 5,0 мың теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек – 544 адамға 2 720,0 мың теңге төленді;
- 9 мамыр –Жеңіс күніне Ұлытау ауданы бойынша 70 тыл ардагерлеріне 50,0 мың теңгеден 3 500,0 мың теңге, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне теңестірілген 5 ауған ардагерлерімен 3 Чернобыль апатын жоюға қатысушыларына біржолғы әлеуметтік көмек 100,0 мың теңгеден, коммуналдық төлемдер үшін 100,0 мың теңгеден, барлығы 1 500,0 мың теңге төленді;
- 6 шілде Астана күніне орай 18 жасқа толмаған 34 мүмкіндігі шектеулі балаларға 5,0 мың теңгеден 170,0 мың теңге және Қазақстан Республикасында белгіленген ең төмеңгі зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы мөлшерінен аспайтын, жасына байланысты зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы алушыларға 5,0 мың теңгеден 52 адамға 260,0 мың теңге төленді;
Амбулаториялық емделу кезінде әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауырған 10 адамға 640,7 мың теңге төленді.
- 30 тамыз Конституция күніне орай 1,2,3 топ мүгедектеріне 5,0 мың теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек – 544 адамға 2 720,0 мың теңге төленді;
- Отбасы күніне орай 70 жастан асқан 623 зейнеткерлерге 10,0 мың теңгеден 6 230,0 мың теңге және 1, 2, 3 топтағы - 544 мүгедектерге және 16 жасқа дейінгі 31 мүмкіндігі шектеулі балаларға 5,0 мың теңгеден 2 875,0 мың теңге әлеуметтік төлемдер төленді;
16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күніне орай, 2 Саяси қуғын-сүргін құрбандарына 5 АЕК көлемінде 29,2 мың теңге төленді;
1-2 қаңтар Жаңа жыл мерекесіне орай 18 жасқа дейінгі 33 мүгедек балаларға және 3 тұл жетім балаларға 5 АЕК көлемінде мың теңгеден 525,1 мың теңге төленді;
2021-2025 ж.ж. арналған «Кедергісіз келешек» жобасын іске асыру шеңберінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға стандартқа сәйкес пандустармен, бейімделген дәретханалармен, көзі көрмейтіндерге арналған бағыттаушы белгілермен Ұлытау ауданы бойынша 100 нысанның 20% пайызы, яғни 20 нысанды 2021 жылы бейімделу жоспарланып, 20 нысан, яғни 100 % пайызы бейімделді, «Қолжетімді интерактивтік картасына» 100% енгізілді. Жергілікті бюджет есебінен – 8 200,0 мың теңге қаралды.
Ұлытау ауданы бойынша халық саны (РПН) - 9346 адам, оның ішінде үлкендер - 6154 адам, әйелдер - 4554 адам, оның ішінде фертильді жастағы әйелдер саны – 2484, жасөспірімдер – 464, 14 жасқа дейінгі балалар саны – 2728, 5 жасқа дейінгі бала саны -737, оның ішінде 1 жасқа дейінгі бала -155. Ұлытау аудандық ауруханасының базасы бойынша халық саны -9346.
Аудан бойынша 2 стационар, 32 төсек орны бойынша халыққа медициналық көмек көрсетеді, оның ішінде Ұлытауда - 27, Жездіде - 5 төсек орны бар. 1 клиника-диагностикалық емхана, 6 ОДА (Ұлытау,Қарсақпай, Жезді, Қаракеңгір, Егінді,Жетіқоңыр,) 8 ФАП (Терсаққан, Шеңбер, Алғабас, айқоңыр, Аралтөбе, Қарақұм, Амангелді, Сарысу) 6-МП (Айыртау, Боздақ, Пионер, Ақтас, Талдысай, Коскол)Стационарлық емхана бойынша төсек орындар; терапиялық - 8, педиатриялық-10, хирургиялық - 1, гинекологиялық - 1 , босану бөлімі - 2, жалпы бөлім - 10, кардиологиялық - 4, неврологиялық - 6. Аудан бойынша 18 санитарлық автокөлік (Ұлытау - 4, Қарсақпай -1, Жезді -2, Қаракеңгір -1, Егінді -1, Жетіқоңыр - 1,Терсаққан - 1, Шеңбер - 1, Алғабас - 1, Байқоңыр - 1, Аралтөбе -1, Қарақұм - 1, Амангелді - 1,Сарысу - 1) халыққа қызмет көрсетуде.
Аудан бойынша 2021 жыл 12 айда ана өлімі тіркелген жок, бала өлімі – 1 дерек (6,1%). Ауданда тегін берілетін дәрі-дәрмектер диспансерлік есепте тұратын науқастарға бөлінеді, оның ішінде АГ, СД, ИБС, глоукома, ЖДА, эпелепсия, гипотериоз, қантсыз диабет, паркинсон ауруы, психиатриялық және онкологиялық аурулар. Дәрі-дәрмектер 100 пайызға қамтылған. «Д» есепте созылмалы ауру бар және басқада ауру түрлері мен тұрған науқастар үшін ауданда диспансерлік кабинеті жұмыс атқарып жыл сайынғы тексерілулер мен дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіп отыр.
Короновирус індеті бойынша ауданда 3 мобильдік тобы құрылып жұмыс атқарып жатыр, сонымен қатар қосымша қаражат Республика бюджетінен қарастырылып ай сайын уақытылы төленуде. Аудан бойынша короновирус індетінің алдын алу жұмыстары халық арасында жүргізіліп, короновирус індетіне қарсы екпе егу жұмыстары күнделікті демалыссыз жүргізіліп жатыр. Аудан бойынша бүгінгі күнге 4633 адам короновирус індетіне қарсы екпе 1-шы компонентін алды (55,3% жоспардаға адам санынан).
Аудан көлемінде жалпы 37 білім және тәрбие беру ұйымы бар, оның ішінде 15 орта, 2 негізгі мектеп, 6 балабақша, 13 шағын орталық, 2 мектептен тыс қосымша білім беру ұйымы (Балалар өнер мектебі, Оқушылар үйі)
Орта білім беру саласында:
Аудан бойынша 17 мектеп штаттық режимде жұмыс жасауда. Жалпы 1833 оқушы (қазақ тілінде 1768, орыс тілінде 65 оқушы) білім алады.
1-6 жас аралығындағы балалар саны 1336, ол 2020 жылмен салыстырғанда 185 балаға артық, оң өсім байқалуда. Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі қамтылуға тиісі 694 бала, қамтылып отырғаны 514 орындалысы 74,0%. 2020 жылмен салыстырғанда 6,9% кему көрсетілуде.
Штаттық режимде оқытылатын 17 жалпы білім беретін мектептерге санитарлық талаптарды қатаң сақтау мақсатында, антисептикалық және дезинфекциялық заттармен толық қамтамасыз етілген.
Оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2021 жылы мектепалды даярлық сыныбы мен 1-сыныпқа оқулықтары мен оқу әдістемелік құралдары сатып алуға 20 500,0 мың теңгеге келісім-шарт жасалынып, барлық білім беретін мектептер оқулықтармен толық қамтамасыз етілді.
Мектеп формасы бойынша: 2021-2022 жаңа оқу жылында мектеп формасы қара-көк түсті болып бекітілді. Жалпы аудан бойынша 297 оқушыға (267 азқамтылған отбасынан шыққан оқушыларға 6 675,0 мың теңгеге және мектеп интернатындағы білім алатын 30 оқушыға 750,0 мың теңгеге) жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатқа мектеп формасы алынып берілді. Сонымен бірге осы 297 оқушыға жергілікті бюджеттен бөлінген 1 485,0 мың теңгеге кеңсе тауарларымен қамтамасыз етілді. Жезқазған қ. «Офис 83» фирмасы мектебіміздің 15 оқушысына демеушілік ретінде (бір оқушыға 5,0 мың теңге көлемінде) кеңсе тауарларымен қамтамасыз етті.
Вакцинациялау бойынша: Педагогтар саны - 458 адам. Оның вакцина алғаны 344, ол 92,5 % құрап отыр, медициналық бас тартуға - 80 адам тіркелген. Қазіргі таңда барлық білім беру ұйымдарында «Ashyq» бағдарламасы орнатылды.
Білім беру ұйымдарындағы күрделі, ағымдағы жөндеу жұмыстары
2021 жылы «№3 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Ғимарат KZ» ЖШС 188 117,0 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмыстарын, «№18 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Мега Строй Спектр» ЖШС 72 450,0 мың теңгеге, «№14 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де «Ғимарат KZ» ЖШС 25 000,0 мың теңгеге, «Жезді мектеп интернаты» КММ-нің жатақханасында «Құлагер 2010 НС» ЖШС 62 284,3 мың теңгеге, «Айгөлек» бөбекжайында «Бек-Строй Астана» ЖШС 25 000,0 мың теңгеге, «Балдаурен» бөбекжайында «Тулеуов» ЖК 15 000,0 мың теңгеге, «Балбұлақ» бөбекжайында «Aruzhan Senim Kurylys» ЖШС 7 796,0 мың теңгеге, «Таңшолпан» бөбекжайында «Тулеуов» ЖК 4 900,0 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Осыған қосымша, Қарсақпай кентінде орналасқан «Ж.Жабаев атындағы №15 тірек мектебі (РО)» КММ-нің спорт залына 6 млн.153 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп толығымен аяқталды.
Аудан бойынша 3 білім беру ұйымдарына: «№1 тірек мектебі (РО)» КММ-не 10 997,0 мың теңгеге, «№4 жалпы білім беретін мектебі» КММ-не 8 250,0 мың теңгеге, «№18 жалпы білім беретін мектебі» КММ-не 8 250,0 мың теңгеге. модульді жылыту қазандықтары орнатылды.
2021-2022 жылдардағы жаңа оқу жылының жылыту маусымына дайындық барысында, барлық білім беру ұйымдарына тамыз айында 93 227,0 мың теңгеге 5 300 тонна көмір тасылып, мектептер қатты отынмен толықтай қамтылды.
«Нұр Отан» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру
«Нұр Отан» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының Жол картасында 129 іс-шаралар көзделген.
2021 жылы Жол картасы бойынша 94 іс-шаралардың 82 іс-шаралары орындалып, 2021 жылға қаражаттар бөлінбеуіне, 2022 жылға ауыспалы болуына, қаржыландыру көздері анықталмауына байланысты, 12 іс-шаралары орындалмады.
2022 жылға Жол картасы бойынша 91 іс-шаралар көзделген, осыған қосымша 2021 жылы орындалмаған 12 іс-шараларды ағымдағы жылы шешудің жолдары қарастырылуда.
Ұлытау ауданының 2022-2024 жылдарға арналған жергілікті бюджетінде қаражаттардың шектеулілігіне байланысты, Қарағанды облыстық бюджетін алғашқы нақтылау кезінде жоғары тұрған бюджеттерден бюджеттерден Ұлытау ауданының бюджетіне нысаналы трансферттер түрінде объектілерді қаржыландыруға бюджеттік өтінімдер енгізу жоспарлануда.
Қылмыс ахуалы
Ұлытау АІІБ-де 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда «Пәтер ұрлығы» бойынша 2020 жылы 2 қылмыстық іс тіркелсе, 2020 жылы 5 қылмыстық іс тіркелген, тіркелу деңгей 150 пайызға өскен. 1 қылмыстық іс сотқа жолданып, 3 қылмыстық іс ақталмайтын мән-жайымен қысқартылған, 1 қылмыстық істің мерзімі үзілген.
«Автокөлік ұрлығы» бойынша 2020 жылы қылмыстық іс тіркелмеген, 2021 жылы 1 қылмыстық іс тіркелген, тіркелу деңгей 100 пайызға өскен.
«Автокөлікті айдап кету» бойынша 2020 жылы 1 қылмыстық іс тіркелген, 2021 жылы 2 қылмыстық іс тіркелген, тіркелу деңгей 100 пайызға өскен.
«Адам өлтіру қылмысы» бойынша 2020 жылы қылмыстық іс тіркелмеген, 2021 жылы 1 қылмыстық іс тіркелген, тіркелу деңгей 100 пайызға өскен.
«Ауыр дене жарақатын салу» арқылы кісі өлімі бойынша2020 жылы 1 қылмыстық іс тіркелген, 2021 жылы 2 қылмыстық іс тіркелген, тіркелу деңгей 100 пайызға өскен.
«Ауырлығы орташа пәтер ұрлығы» бойынша 2020 жылы 1 қылмыстық іс тіркелсе. 2021 жылы 2 қылымыстық іс тіркелген, тіркелу деңгейі 100 пайызға өскен. Ауыр түрде 2020 жылы 1 қылмыстық іс тіркелсе. 2021 жылы 3 қылымыстық іс тіркелген, тіркелу деңгейі 200 пайызға өскен.
«Ауыр түрде алаяқтық бойынша» 2020 жылы қылмыстық іс тіркелмеген, 2021 жылы 1 қылмыстық іс тіркелген, тіркелу деңгей 100 пайызға өскен.
Онша ауыр емес бойынша 2020 жылы 14 қылмыстық іс тіркелген, 2021 жылы 16 қылмыстық іс тіркелген, тіркелу деңгейі 14,3 пайызға өскен.
Қылмыстың ашылу деңгейі:
«Мерзімі үзілген қылмыстық істер бойынша» барлығы 13 қылмыстық іс, оның ішінде аса ауыр түрде 1 қылмыстық іс, ауыр түрде 6 қылмыстық іс.
«Қылмыстың ашылу деңгейі» 2020 жылы 63,2 пайыз болса, 2021 жылы 30 пайыз, 33,2 пайызға төмендеген.
«Ауыр түрде ашылу деңгейі» 2020 жылы 61,1 пайыз болса, 2021 жылы 33,3 пайыз, 27,8 пайызға төмендеген.
«Бөтеннің мүлкін ұрлаудың ашылу деңгейі» 2020 жылы 57,1 пайыз болса, 2021 жылы 50 пайыз, 7,1 пайызға төмендеген.
«Аса ауыр қылмыс бойынша» ашылу денгей 0 пайыз.
«Онша ауыр емес ашылу деңгейі» 2020 жылы 90 пайыз болса, 2021 жылы 89,5 пайыз, 0,5 пайызға төмендеген.
«Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар» 2021 жылдың 12 айында 2 қылмыс яғни былтырғы жылмен салыстырғанда – 50,0 % төмендеді /2020 ж-4/.
«Көшелерде жасалған қылмыстар қылмыстар» 2021 жылдың 12 айында 2 қылмыс, яғни былтырғы жылмен салыстырғанда – 33,3 % төмендеді /2020 ж-3/.
«Масаң күйде жасалған қылмыстар» 2021 жылдың 12 айында 3 қылмыс, былтырғы жылмен салыстырғанда – 50,0 пайызға төмендеді /2020 ж.-6/.
«Жасөспірімдермен жасалған қылмыстар» 2021 жылдың 12 айында 1 қылмыс, яғни былтырғы жылмен салыстырғанда 100 пайызға жоғарылап отыр /2020-0/. «Отбасы тұрмыстық-қатынастарда жасалған қылмыстар» тіркелмеген.
«Бұрын сотты болған тұлғалармен жасалған қылмыстар» 2021 жылы - 8, былтырғы жылмен салыстырғанда – 300 % жоғарылады /2020-2/.
«Топпен жасалған қылмыстар» 2021 жылдың 12 айында тіркелген қылмыс - 2, 2020 жылмен салыстырғанда - 66,7 % төмендеді (2020 ж -6).
Учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен 2021 жылдың 12 айында 33 қылмыс ашылған, 2020 жылдың 12 айында 37 қылмыстар ашылған, яғни көрсеткіш – 10,8 пайызға төмендеді.
Қаржыландыру көрсеткіштері
Аудан бюджетінің кірістері
Аудан бюджеті (кент, село округтерімен) 2021 жылға меншікті кірістердің жоспары 6 581 715,0 мың теңге, орындалысы 6 454 432,5 мың теңге, яғни 98,1 пайыз. Айырмасы 127 282,5 мың теңге.
Салықтық түсімдерінің жоспары 6 551 387,0 мың теңге, орындалысы 6 414 197,7 мың теңге, яғни 97,9 пайыз. Айырмасы 137 189,3 мың теңге. Салықтық емес түсімдердің жоспары 10 083,0 мың теңге болса, орындалысы 10 338,9 мың теңге, яғни 102,5 пайыз. Айырмасы 255,9 мың теңге. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер жоспары 20 245,0 мың теңге, орындалысы 29 895,9 мың теңге, яғни 147,7%., айырмасы 9 650,9 мың теңге.
Аудан бюджетінің шығыстары
2021 жылға нақтыланған бюджеттің шығындар жоспары – 9 995 388,0 мың теңге. Оның ішінде:
Желтоқсан айына қаржыландыру жоспарының орындалысы – 9 820 483,3 мың теңге, яғни 98,3 %.
Игерілмей қалған қаржы – 174 904,64 мың теңге. Оның ішінде:
Ұлттық қордан - 3 658,118 мың теңге, оның ішінде:
Сарысу ауылдық округі әкімінің аппаратынан «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша – 3 657,6 мың теңге (мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржы);
Борсеңгір ауылдық округі әкімінің аппаратынан «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша – 0,447 мың теңге (мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржы).
- Жұмыспен қамту бөлімінен гигиеналық құрал-жабдықтар бойынша – 132 845,0 мың теңге және техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз ету бойынша – 61,0 мың теңге (алушылар санының азаюына байланысты);
- Жұмыспен қамту орталығынан әлеуметтік жұмыс орындары бойынша – 144 900,0 мың теңге және жастар практикасынан – 37 397,0 мың теңге (алушылар санының азаюына байланысты).
- Дөңгелектеу барысындағы үнемделген қаржы – 0,051 мың теңге.
- Құрылыс бөлімінен Жезді кентіндегі денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы бойынша – 90 610,3 мың теңге және Ұлытау селосының кәріз тазалау имараттарының құрылысы бойынша – 24 700,4 мың теңге (жұмыс кестесінен кешіктірілуі);
- Жұмыспен қамту бөлімінен санаторлы-курорттық ем алу бойынша – 119,3 мың теңге (алушылар санының азаюына байланысты).
- Дөңгелектеу барысындағы үнемделген қаржы – 2 079,0 мың теңге.
- Құрылыс бөлімінен Ұлытау селосындағы Өлкетану мұражайының құрылыс бойынша – 14 344,0 мың теңге және Жезді кентіндегі денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы бойынша – 1 831,0 мың теңге (қаржыландырудың жетіспеушілігінен);
- Аманкелді ауылдық округі әкімінің аппаратынан Кененбай тоғанының ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша – 14 015,0 мың теңге (жұмыс кестесінен кешіктірілуі);
- Экономика бөлімінен жергіілкті атқарушы органының резерві бойынша – 13 392,9 мың теңге (қаржының қажет болмауына байланысты);
- Шеңбер ауылдық округі әкімінің аппаратынан автокөлік жолдарын қамтамасыз ету бойынша – 3 468,0 мың теңге және тауар сатып алудан – 301,9 мың теңге (мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржы);
- Қарсақпай кенті әкімінің аппаратынан санитарияны қамтамасыз ету бойынша – 1 632,0 мың теңге және елді-мекендерді жарықтандыру бойынша – 137,2 мың теңге (келісімшарт жасалмауына байланысты);
- Коскөл ауылдық округі әкімінің аппаратынан қызметтік автокөлік сатып алу бойынша – 1 063,0 мың теңге (мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржы);
- Сарысу ауылдық округі әкімінің аппаратынан аппарат шығындары бойынша – 1 008,0 мың теңге (толық игерілмеген қаражат қалдығы);
Ақтас кенті әкімінің аппаратынан елді-мекендерді абаттандыру жұмыстары бойынша – 725,0 мың теңге және тауар сатып алудан – 685,0 мың теңге (мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржы);
Жезді кенті әкімінің аппаратынан аппарат шығындары бойынша – 709,0 мың теңге (толық игерілмеген қаражат қалдығы);
Аудан әкімінің аппаратынан тауар сатып алудан – 209,3 мың теңге және көлік қызметтерінен – 150,0 мың теңге (мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржы).
2022 жылға арналған нысаналы индикаторларды
орындау жоспары
Нысаналы индикатор: Ауылшаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 28 719 000,0 мың теңге, НКИ 106,5%;
2022 жылы егін шаруашылығы бойынша Агротехнологияны тиімді пайдаланып және арзандатылған жанар-жағар майды, басқада мемлекеттік қолдауларды пайдаланып, мол өнім алуға және мал басы санын көбейту арқылы сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін алып, ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы жоспардағыдай орындау күтілуде.
Нысаналы индикатор: Өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 4 190 000,0 мың теңге, НКИ 104,7%;
2022 жылы осы көрсеткішке қол жеткізу үшін 2022 жылы атқарылатын іс шаралар:
Нысаналы индикатор: негізгі капиталға салынатын инвестициялар – 3 760 000,0 мың.теңге, НКИ 105,4%;
2022 жылы негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемін 5 350 200,0 мың теңгеден 3 760 000,0 мың теңгеге төмендеу көрсеткіші болжануда. Төмендеу қарқыны 1 590 200,0 мың теңге немесе АКИ - 70,2%.
Көрсеткішке қол жеткізудің іс-шаралары:
4.Қаракеңгір, Мибұлақ, Сарысу, Қарақұм,Байқоңыр, Терісаққан селоларында фельдшерлік акушерлік пункттердің (ФАП) құрылысы – 250 000,0 мың теңге.
Нысаналы индикатор: тұрғын үйлерді пайдалануға беру – 5 981 ш.м;
2022 жылы Ұлытау ауылында жеке кәсіпкерлер есебінен екі петерлі 10 тұрғын үй салу жоспарлануда. Сонымен қатар, 2019-2020 жылдары жеке тұрғындар есебінен салынатын тұрғын үй құрылыстары аяқталуына сәйкес, 2022 жылғы жоспарды орындау мүмкіндігі бар.
Нысаналы индикатор: Құрылыс жұмыстарының көлемі – 3 300 000,0 мың теңге.
2022 жылы құрылысы 2019-2020 жылдары басталған құрылыс нысандарының құрылыс жұмыстарының аяқталуына сәйкес, қабылдау жоспарлануда және де жеке кәсіпкерлер есебінен салынатын құрылыс жұмыстарының есебінен орындау күтілуде.
2022 жылы аудан бойынша көзделген имидждік жобалар:
Ауданымыз соңғы жылдары тұрғындардың татулығы мен бiрлiгiнiң арқасында ауқымды әлеуметтік-экономикалық жетістіктерге қол жеткізуде және Мемлекет тәуелсіздігінің 30-жылдығында өзінің серпінді дамуын жалғастыруда.
2022 жылы Президентіміз қабылдаған «Жаңа Қазақстан» атты стратегиялық реформасын іске асыру шеңберінде, аудан басшылығы жергілікті атқарушы органдармен және ауылдық, кенттік округ әкімдіктерімен бірлесе елді мекендердің экономикалық белсенділігін арттыру, инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы жаңа өнеркәсіптік және шағын, орта бизнес нысандарын ашу жолымен жаңа жұмыс орындарын құру, аса маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуге бағытталған жұмыстарды жүргізуді жоспарлауда.
Ұлытау ауданының әкімі С. Медебаев