Ұлытау облысы Ұлытау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабы 4-тармағына, «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 Жарлығына, «2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 1 шілдедегі №26/41 қаулысына сәйкес Ұлытау облысы Ұлытау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамын, орналасқан жері және жұмыс уақытын хабарлаймыз.
Ұлытау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамы:
Комиссия төрағасы – Ахметов Мақсұт Қыздарбекұлы
Төрағаның орынбасары – Дүйсенбаев Алмат Дүйсебекұлы
Хатшысы – Шагирова Сандуғаш Нұрсағиқызы
Комиссия мүшелері:
Абилова Айна Бейсалықызы
Айтбек Ержан Айтбекұлы
Ауғанова Гүлнар Мәдениетқызы
Базылов Медет Маратұлы
Орналасқан жері: Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау селосы,
Абай көшесі 23. тел: 8 (71035) 21660
Ұлытау ауданының «Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің ғимараты
Аумақтық сайлау комиссиясының жұмыс уақыты: 09.00-13.00, 13.00-14.30 - түскі үзіліс, 14.30-18.30