Ағымдағы жылдың 18 ақпанында "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – заң) 13 – бабына сәйкес Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Гүлжан Еркінқызы Көпееваның төрағалығымен 2025-2028 жылдарға арналған Ұлытау ауданы Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамының бірінші ұйымдастыру отырысы өткізілді.
Жаңа құрамдағы Қоғамдық кеңестің 10 мүшесінің 9 мүшесі қатысты, олардың бірінші кезектегі міндеті Қоғамдық кеңестің төрағасын, Төраға құрамы мен комиссияларын сайлау болды.
Бірауыздан Ұлытау ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы болып Серік Баймағанбетов сайланды.
Заңның 5-бабына сәйкес келесі бағыттар бойынша комиссиялар құрылды:
Ұлытау ауданы Қоғамдық кеңесінің бюджет пен қаржы, экономикалық реформа мен заңдылық және құқық тәртібі жөніндегі комиссиясы;
Ұлытау ауданы Қоғамдық кеңесінің әлеуметтік қорғау және әлеуметтік – мәдени саланы дамыту жөніндегі комиссиясы;
Ұлытау ауданы Қоғамдық кеңесінің ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, экология, құрылыс, байланыс, көлік және коммуналдық шаруашылық жөніндегі комиссиясы.
Аманбек Данабекұлы Сүлейменов бюджет пен қаржы, экономикалық реформа мен заңдылық және құқық тәртібі жөніндегі комиссиясы төрағасы болып сайланды.
Әлеуметтік қорғау және әлеуметтік – мәдени саланы дамыту жөніндегі комиссиясы төрағасы болып Тілеген Башарұлы Рахымбеков сайланды.
Ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, экология, құрылыс, байланыс, көлік және коммуналдық шаруашылық жөніндегі комиссиясы төрағасы болып Серік Нығметұлы Ташенов сайланды.
Қоғамдық кеңестің төралқасы келесі құрамда сайланды:
Серік Баймағанбетов -Қоғамдық кеңестің төрағасы;
Аманбек Данабекұлы Сүлейменов- бюджет пен қаржы, экономикалық реформа мен заңдылық және құқық тәртібі жөніндегі комиссиясы төрағасы;
Тілеген Башарұлы Рахымбеков - Әлеуметтік қорғау және әлеуметтік – мәдени саланы дамыту жөніндегі комиссиясы төрағасы;
Серік Нығметұлы Ташенов – Ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, экология, құрылыс, байланыс, көлік және коммуналдық шаруашылық жөніндегі комиссиясы төрағасы;